Білім және ғылым министрі Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес өкілдерімен кездесті
Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес өкілдерімен кездестім. Кеңес құрамына жастардың жалынды өкілдері, жас кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, жастар ұйымдарының жетекшілері, жас ғалымдар, Президенттік кадрлық резервтің мүшелері және тағы да басқалар кірді, – деп жазады ҚР Біоім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Олар инклюзивті білім беруден бастап постдокторантураға дейінгі түрлі мәселелерді көтерді. Сондай-ақ міндетті түрде қағазға түртіп алып, бірлесе жүзеге асыратын көптеген қызықты әрі маңызды ұсыныс айтылды. Кездесуге қатысушыларға уақыт бөліп, өзекті сұрақтары мен идеяларын ортаға салғандары үшін алғыс айтамын. Осындай форматтағы кездесулерді тұрақты түрде өткізуді жалғастырамыз, – деп қорытындылаған кезекті жазбасының соңын еліміздің бас педагогы.