Мектептегі өзін-өзі басқарудың ұйымдары арасындағы үздік портфолио байқауы

Қашықтықтан «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының үйлестіруімен мектептегі өзін-өзі басқарулар арасында «Бағытымыз айқын, мақсатымыз анық» облыстық үздік портфолио байқауы ұйымдастырылды, -деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Іс-шара мектептегі өзін-өзі басқарудың қызметін жандандыруға, өзін-өзі басқарудың белсенді жұмыс істейтін көшбасшыларын анықтауға, мектептегі өзін-өзі басқару көшбасшыларының оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді. Байқауға облыстың 11 ауданынан, Көкшетау, Степногорск қалаларынан және облыстық мектеп-интернаттардан барлығы 22 мектеп өзін-өзі басқару қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарды келесі мектептегі өзін-өзі басқарулар иеленді: 1 орын – Сандықтау ауылы, қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау облыстық орталығы, балалар өзін-өзі басқару төрағасы Ведерникова Карина Шалкарвна; 2 орын – Атбасар ауданы, Атбасар қаласының №2 ЖББМ, мектептің өзін-өзі басқару президенті Семенча Маргарита.

Екінші орын – Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №5 ЖББМ, мектептің өзін-өзі басқару президенті Олифийцева Виктория; 3 орын – Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылының ЖОББМ, мектептің өзін-өзі басқару президенті Мекеш Күннұр; 3 орын – Егіндкөл ауданы, Егіндкөл ауылының №2 ЖББМ, мектептің өзін-өзі басқару президенті Марчук Ульяна.

Үшінші орын – Көкшетау қаласы, №17 мектеп – гимназиясы, мектептің өзін-өзі басқару президенті Сайран Нұрсезім. Байқау жеңімпаздары диплом және сыйлықтармен, барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий