Қара шаңырақта баршаның тату-тәтті өмір сүруі үшін береке мен ынтымақ аса қажет (бейне жазба)
Мамыр айының 1-і – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі. Бұл еліміздегі ең жарқын және мерейлі мейрамдардың бірі. Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің киелі қара шаңырақта тату-тәтті өмір сүруі үшін береке мен ынтымақ, бірлік пен бейбітшілік аса қажет.
Сондықтан бұл мейрамның маңызы зор. Аталған мерекені №95 «Алматы» балабақшасының бүлдіршіндері де атап өтті. Балалар әр түрлі ұлт өкілдерінің киімдерін киіп, салт-дәстүрлерімен танысып, ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсете білді. Мереке Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, достық әнімен жалғасын тапты.

Сонымен қатар әр ұлттың «Бас киімін табуға көмектес», «Туды анықтай біл», «Ұлттық киімге сәйкес кілем түрін көрсет» сынды ойын түрлерімен балаларды қызықтыра түсті. Бүгінгі мереке арқылы балалар көп ұлтты елімізде тату – тәтті, бейбітшілікте өмір сүрудің маңыздылығын түсіне білді деген ойдамыз.

№95 «Алматы» балабақша ұжымы
Загрузка...