Мектеп оқушыларының жазғы демалысы қыркүйек айының 1-іне дейін жалғасады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің Telegram-дағы жазбасы: Еліміздің мектептерінде оқу жылын аяқтау және емтихандарды өткізу туралы бұйрыққа қол қойдым. Барлық қазақстандық орта білім беру мекемесі оқу жылын 25 мамырда аяқтайды.
Жазғы мектеп 26 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылады. 9 және 11-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Мектеп оқушыларының каникулы 1 қыркүйекке дейін жалғасады, – деп қорытындылаған еліміздің бас педагогы бұл кезекті жазбасының соңын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий