Шетелдік аналогтардан арзан: қазақстандық ғалымдар жеміс ағаштарын сақтауға арналған диагностика жүйесін әзірледі

Қазақстандық ғалымдар ағаштарға зиян келтіретін бактерияларды анықтаудың жаңа жүйесін ойлап тапты. Ағаштардың ДНҚ-сында Erwinia amylovora бактериясын жоғары дәлдікпен анықтайтын жаңа тест-жүйе шетелдік аналогтардан бірнеше есе арзан және қазақстандық бағбандар үшін қолжетімді, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Erwinia amylovora – жеміс ағаштарында бактериялық күйдіргіні тудыратын ерекше қауіпті қоздырғыш – әсіресе алма мен алмұрт ағаштары үшін қауіпті, бар болғаны 2 маусымның ішінде бақшаның жаппай бүлінуіне әкелуі мүмкін. Ал енді әзірленген LAMP диагностикалық жүйесі жеміс ағаштарын сақтауға көмектеседі.
LAMP негізіндегі бактерияларды анықтаудың жаңа жүйесі қазіргі кезде қолданылатын классикалық ПТР-мен салыстырғанда: 100-1000 есе сезімтал; қолдануға ыңғайлы; дала жағдайларына оңай бейімделеді; қымбат реагенттер мен жабдықтарды қажет етпейді.
Салыстырмалы түрде біздің тест-жүйеміздің бір сынама құны 6 000 теңге, ағылшын зертханасында 31 000 теңге, швейцариялық зертханада 57 000 теңге тұрады. Осы арзан тест-жүйелердің көмегімен әр бағбан ерте диагностикаға қол жеткізе алады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий