Қостанайлық оқушылардың ғылыми – зерттеу жобалардағы жетістіктері жоғары

Оқушылар мен жастардың «Адам-Жер-Ғарыш»  атты ХХІ Бүкілресейлік оқу және ғылыми-зерттеу жобаларының олимпиадасында «Озат» оқушыларының жетістіктері жоғары болды. Балалар жылында Халықаралық олимпиадалардағы балаларымыздың жеңістерін мақтан тұтамыз, – деп хабрлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

2022 жылғы 25-30 сәуір аралығында Королев қаласында (РФ, Мәскеу облысы) оқушылар мен жастардың «Адам-Жер-Ғарыш» атты ХХІІ Бүкілресейлік оқу және ғылыми-зерттеу жобаларының олимпиадасы («Созвездие» олимпиадасы) өтті. Егер өткен жылы біздің республикадан тек 2 жоба болса, биыл Қазақстан командасының мүшелері әлдеқайда көп болды.

Біздің облыстың атынан «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушылары: Узаков Даир және Хамитов Нуржан қатысты. Олардың жобалары «Химия» және «Биология» секцияларында ұсынылды. Даир мен Нұржан секцияларда лайықты өнер көрсетті.

Екі жобаны да қазылар алқасы бағалап, жүлделі орындарға ие болды: Даир жобасы ІІ орынды, ал Нуржан жобасы ІІІ орынды иеленді. Балаларды және олардың ғылыми жетекшісі Карина Ансагановна Нугуманованы халықаралық деңгейде табысты өнер көрсетуімен шын жүректен құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий