Ұлағатты ұстаздың өмірлік ұстанымы

Батыс Қазақстан облысының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Гүлзихан Тасқаринамен таныстырғымыз келеді. Міне, осымен 37 жыл бойы ол балаларды өз пәніне деген сүйіспеншілікке баулып, оларға өмірлік бағыт-бағдар беріп, өзіне сенімді адамдарды тәрбиелеп келеді, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
 
Гүлзихан 1962 жылы кітапқұмарлар отбасында дүниеге келген. Ата-анасының кітапханасы бай болған, бұл өз кезегінде болашақта мұғалім мамандығын таңдауға ықпалын тигізді. Ол А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының дипломын алып, туған ауылына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып оралды. Бүгінгі таңда ұстаз Әлия Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінде қызмет етеді.
Соңғы бес жылда оның жиырма шәкірті республикалық деңгейдегі түрлі олимпиадаларда жүлделі орындарды иеленді. Оның педагогикалық тәжірибесі өте мол. Педагог өз еңбегінің арқасында өмірде өзін таныта білген жүздеген оқушыны тәрбиелеп шығарды. Ол бос уақытында балаларды республикалық олимпиадаларға тегін дайындайды. Ол үшін ұстаз өзінің оқыту әдістемесін әзірледі.
Гүлзихан Тасқаринаның сабағы үнемі қызықты өтеді. Мұның бәрі балаларды назардан тыс қалдырмайтын және сабақтың тақырыбын қызығушылықпен оқуға ынталандыратын «сұрақ-жауап» әдісінің арқасында. – Менің мақсатым – бәсекеге қабілетті, өз бетінше дами алатын жан-жақты азаматтарды тәрбиелеу. Сол себепті сабақ кезінде бірде-бір оқушыны назардан тыс қалдырмауға тырысамын, – деді мұғалім.
Өткізілген түрлі конференциялар мен авторлық жобалардың арқасында Гүлзихан Тасқаринаның сіңірген еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ол «Ы.Алтынсарин», «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгілерімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Еліміздің педагогтері туралы көбірек білгіңіз келе ме? Пікіріңізді қалдыра отырыңыз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий