Жұмысшы мамандығының “WorldSkills Jambуl – 2022” облыстық чемпионаты

2022 жылдың 28-30 сәуір аралығында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының үйлестіруімен жастар арасында «WorldSkills Jambyl – 2022» облыстық чемпионаты ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Іс-шара «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын жастар арасынан (22 жасқа дейін) жұмысшы мамандығының кәсіби шеберлерін анықтау, қолдау көрсету, жұмысшы мамандығының танымдылығын және қоғамдағы беделін арттыруымен қатар, өндіріс орындарындағы жас мамандардың, студенттердің, ата-аналардың, бизнес өкілдерінің жұмысшы мамандығына қызығушылығын арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

Чемпионатқа «Талап» КЕАҚ-ның өкілдері, Жамбыл облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, жұмысшы мамандығының «WorldSkills Jambyl-2022» кәсіптік шеберлік чемпионатының облыстық кезеңінің ұйымдастыру комитеті, облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен студенттері, сарапшылар, әлеуметтік әріптестер қатысты.

Чемпионат облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 17 жұмысшы құзыреттілігі бойынша өткізіліп, облыстық кезеңнен жеңімпаз атанған қатысушы «WorldSkills Kazakhstan» республикалық чемпионатына жолдама алды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий