Ақмолалық жас актерлер тәжірибелерін шыңдауда

Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «EL jastar teatry» жұмыс істейді. Бұл эксперимментальді лабораториялық жастар театры 2019 жылы Башқұрт жазушысы Айгиз Баймухаметовтың «Тастамашы мені мама!» повестінің желісі бойынша қойылған «Армандар кемесі» атты спектаклімен шымылдығын түрді, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Қойылымның режиссері колледж оқытушысы Фархатбек Аманжолұлы Канафин. Театрдың негізін қалаушы, әрі арт директоры колледж оқытушысы Хасамбай Хакім Риянбекұлы. Жастар театрының 2019 жылы ашылуы ешқандай сәйкестік емес. Жастар жылы аясында жастардың ізгі бастамаларын қолдау, ойлары мен пікірлерін тыңдау мақсатында ұйымдастырылған жиында колледж түлегі Хасамбай Хакім жастар театрын ашу туралы өз ұсынысын ортаға тастап, ішкі саясат басқармасынан және колледж басшылығынан қолдау табады.

Колледж директоры Құралай Идрисова театрдың ашылуына колледж тарапынан үлкен қолдау жасап, жастардың шығармашылық тұрғыда ізденуіне үлкен мүмкіндік туғызды. Бүгінде аталмыш театрға үш жыл. Қазіргі таңда театр репертуарында онға жуық қойылым бар. Атап айтсақ «Армандар кемесі» (Айгиз Баймухамедов), «Асқар мен асық» (Данияр Саламат), «Бір түп жусан» (Хасанбай Хаким), «Жастықтың оты қайдасың» (Фархадбек Қанафин), «Менің әкем…» (Керен Климовски) тағы да басқа қойылымдар өз көрермендерінің ыстық ықыласына бөленіп келеді.

Репертуардағы қойылыммдардың режиссері Фархатбек Аманжолұлының да жас театрдың алға қадам басуына жасаған еңбектері орасан зор. Сонымен қатар театрдың халықаралық, облыстық фестивальдерде жеткен түрлі жетістіктері де аз емес. Мысалы: 2019 жылы Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған IV халықаралық «BALAUSA» экспериментальді спектакльдер фестивалінде «Өзекті сахналық тілді іздегені үшін» номинациясымен және Ақтөбе облысы әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталды.

2020 жылы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министірлігінің ұйымдастырумен Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында өткен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арнайы өткізілген III Халықаралық колледж студенттердің «ЖАС-ART» фестиваліне «Жастықтың оты қайдасың…» спектаклімен қатысып жүлделі екінші орын және де «Үздік ансамбль» номинациясымен марапатталды.

2021 жылы Павла Луспекаев атындағы Луганский Республикасында ұйымдастырылған халықаралық театрлар фестивалінде Құрмет грамотасымен марапатталды. Алдағы уақытта да көптеген гастрольдер мен байқауларға қатысу жоспарлануда. Биыл 2022 жылы колледж директоры өзінің тікелей қадағалауымен, қолдауымен атақты драматург К.Климовскийдің «Менің әкем Питер Пэн» қойылымын сахналанды.

Бүгінде жас труппа демалыс күндері аудан, ауылдарды аралап өз тәжірибелерін шыңдауда. Театрдың негізін қалаушы Хасамбай Хаким театр жетекшілігін театрдың алғашқы актерларының бірі Ерден Нұрахметке табыстады. Жас ұжымның алға қойған мақсаты мен жоспарлары көп. Ұлы бәйтеректей жайқалған театр өнерінің бір тал бұтағындай болған жас ұжымға жылсайын гүлдене беруіне шын жүректен тілектеспіз. Театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі – Ғарифолла Дариға /Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің 3 курс студенті/

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий