Қырыққа жуық психологиялық, медициналық және педагогикалық консультациялар ашылады

Еліміздің барлық өңірінен қосымша тағы қырыққа жуық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар ашылады, – деп жазады ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
 
Мәжілістің жалпы отырысында тағы бір маңызды норма қабылданды. Мәселе бір ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар) ашу нормативін алпыстан 50 мың балаға дейін өзгерту туралы болып отыр. Яғни қазіргі күні 87 ПМПК жұмыс істеп тұрса, енді еліміздің барлық өңірінен қосымша тағы қырыққа жуық ПМПК ашылады.
Бұл кезектілік мәселелерін шешуге әсер етіп, балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ерте анықтауға және сапалы бағалауға септігін тигізеді. Естеріңізге сала кетейін, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Президент Үкіметке осы мәселе бойынша шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Балалар жылы аясында өзекті және ұзақ уақыт бойы шешімін таппаған мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар жаңа бастама іске асырылады, – деп қорытындылаған еліміздің бас педагогы бұл кезекті жазбасының соңын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий