Мемлекеттік рәміз – тәуелсіздіктің нышаны
«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры, ҚР әл – Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері, т.ғ.д., профессор М.К. Ибатовтың бастамасымен «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасы және «Самұрық» пікір-талас клубының ұйымдастыруымен ҚР ЖОО студенттері арасында оффлайн форматта «4 маусым – ҚР Рәміздер күні» тақырыбында республикалық пікір-сайыс турнирі өткізілді.

Турнирдің мақсаты: дебатқа қатысуға қызығушылық танытқан жастардың арасында оқыту және тәлімгерлік ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру. Жастар арасында еліміздің рәміздерін дәріптеу, құрметтеу мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, шешендік өнер мен пікірталас мәдениетін дамыту.
Республикалық пікір-сайысқа Қазақстанның өңірлерінің ЖОО «Павлодар педагогикалық университеті», «Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті», Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, «Қарағанды медицина университеті», «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті», «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті», «Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті» студенттері арасынан 20 фракция қатысты.

Осы аталмыш іс-шараны «Рухани-адамгершілік тәрбие беру» Кеңесі төрағасының орынбасары Түсіпбеков Жарқын Амантайұлы ашты. Сөз барысында ол студент жастарға 2022 жылы ҚарТУ-ға академик Әбілқас Сағыновтың атағы берілгенін пысықтап өтті. Пікір-сайыс қатысушыларына жеңіс, сәттілік және шығармашылық табыс тіледі.
Республикалық пікір-сайыс турнирінің қорытындысы бойынша төмендегі фракциялар жүлделі орындарды иеленді: І орын – «Каспийымды жазып алшы» фракциясы. ІІ орын – «Қаныш Сәтбаев» фракциясы. ІІІ орын – «Вишнёвый пирог» фракциясы. Финалист – «EQ» фракциясы. «Үздік төреші» – Маратов Ильяс (ҚарТУ). «Үздік спикер» – Тұңғышбек Арман (ҚарУ).
К. НУРЖАНОВА,
Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың
ҚТжМ кафедрасының доценті, ф.ғ.к.
К. ХАМЗИНА,
аға оқытушы, пед.ғыл.магистрі