Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау бойынша 180 мыңнан астам өтініш түсті

180 мыңнан астам өтініштің 160 мыңнан астамы электронды форматта қабылданды. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін балаларды мектепке қабылдау қызметі egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Еске сала кетейік, құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Барлық қызметті автоматтандыруға баса мән берілген. ҰБТ және барлық деңгейдегі олимпиадалар электронды форматқа көшірілді. Мұның ең басты артықшылығы – барлық процестің ашықтығы мен азаматтарға қолайлы жағдай жасалуы. Өтініштердің басым көпшілігінің электронды форматта тапсырылуы – ҚР БҒМ-нің цифрлық мемлекеттік қызметтері азаматтар арасында сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий