Елордасында ұйымдастырылған аймақтық жасөспірімдер олимпиадасында ақмолалық оқушылар алтын, күміс және қола медальдарына ие болды

28-30 сәуір аралығында Нұр-Cұлтан қаласында 7-8 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндері бойынша І өңірлік жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарынан және Нұр-Cұлтан қаласынан 150-ге жуық дарынды жасөспірім қатысты, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөзқызметі.

Іс-шараны ұйымдастырушы «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы, ал демеуші Exxon Mobil Kazakhstan Inc компаниясы. Зияткерлік жарыстар Park Inn by Radisson Astana қонақ үйінде, №66 мектеп-лицейінде, №70 мектеп-лицейінде өтті. І өңірлік жасөспірімдер олимпиадасының салтанатты жабылу рәсімі әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында өтті.

Зияткерлік олимпиаданың қорытындысы бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінің ақмолалық-финалистерінің жасөспірімдер командасы алтын, күміс, қола медальдарды және 1 грамотаны жеңіп алды:

«Биология» пәні бойынша Хамитов Мақсат І дәрежелі дипломмеН, «Биология» пәні бойынша Нәби Жансая ІІ дәрежелі дипломмен, «Химия» пәні бойынша Егінбай Ақерке ІІІ дәрежелі дипломмен, «Химия» пәні бойынша Рысқұлбек Дамир грамотамен марапатталды. Олимпиада жүлдегерлерін құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий