Нео – фольклор стиліндегі киім дизайнерлерінің байқауы

Тараз қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында екінші ұлттық «нео-фольклор» стиліндегі киім дизайнерлерінің байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – жастар арасында ұлттық киім үлгілерін заманауи талапқа сай қайта қалыптастыру, ұлттық нақыштағы  құндылықтарымызды  дәріптеу,  қол өнер және  өзге де дизайнерлік бұйымдарды  қайта жаңғыртып, әлем назарына ұсыну, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаһанданудың барлық заманауи  талаптары мен сын-қатерлерін ескере отырып, қазақстандықтардың рухани құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ұлттық бірегейлікті сақтауға, білім культін насихаттауға арналған. Бұл қасиеттер қазіргі қазақстандықтардың басты бағдарына айналуы тиіс.

Жоғарыда айтылғандарды саралай отырып, Қазақстан әлеуметтік даму институты, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен сән индустриясы саласындағы жас таланттарды анықтау және насихаттау мақсатында жаһандық әлем, «Киім дизайны» мен «Тігін өндірісі және киім үлгілеу» мамандықтары бойынша қазақстандық колледждердің студенттері арасында «Нео-фольклор» стиліндегі дизайнерлер мен сәнгерлердің ІІ Ұлттық байқауы өткізілді.

«Нео-фольклор» – бұл  ұлттық киім мен сән үлгісінің  заманауи үлгімен ұштасқан, сәтті толықтырылған жаңа  бағыты.  Сондай-ақ, қазақ ұлттық киім элементтерін, ою-өрнектерді заман талабына сай жаңғыртқан, жаңаша мазмұндағы ерекше сипат алған  стил түрі. Жиырмасыншы ғасыр ұлттық киімге деген қызығушылықтың төмендеуімен сипатталды. Өз қолыңызбен жасау, киім мен бұйым түрлерін сүйіспеншілікпен безендіруден гөрі киім сатып алу оңайырақ болды. Бірақ жылдар өте ұмытылған дәстүрлер жаңа өмірге ие болды.

Өзіңді танытудың бір жолы – заманауи сән үлгісінде ұлттық бренд жасау. Киімде этникалық дәстүрлерді пайдалану қазақ халқының мәдениеті мен өнеріне тұрақты қызығушылықты қалыптастырады және халықаралық диалогтың дамуына ықпал етеді. Мұндай жаңашылдықтың жарқын үлгісін халыққа, тұтынушыларға көрсетіп, әлемге әйгі етіп жүрген тұлға – Айдархан Қалиев. 20 жылдан астам қазақтың ұлттық киімінің көне, дәстүрлі тәжірибесімен сусындаған ол «Нео-фольклор» этникалық стилінің негізін салушы ғана емес, сонымен қатар заманауи сәндегі ұлттық брендтің тұрақты танстырушысы болып табылады.

Айдархан Қалиев сән индустриясының кәсіпқойлары арасында беделді, «ASPARA FASHION WEEK» халықаралық сән апталығының негізін қалаушы және президенті. Сондай-ақ еңбек пен табандылықтың, талант пен табанды ізденіс нәтижесінде пайда болған «Асыл-Дизайн» сән үйінің бас дизайнері. Тараз қаласындағы «Аспара»  және бизнес колледжінің негізін қалаушы, техника ғылымдарының кандидаты, өнертану кафедрасының доценті, Қытай киім және тоқыма өндірушілері қауымдастығының мүшесі, 80-нен астам сән және маусымдық топтамалардың авторы. Ол Қазақстандағы «нео-фольклор» стилінің негізін салушы ретінде  көпке танымал дизайнер.

Қалиев Айдархан бұл бағытта ғасырлар бойы қалыптасқан бірегей қазақы нақыштар мен дәстүрлі киім үлгісін  қазіргі сән үлгісінде жаңғыртып, бүгінгі сән индустриясында  қайталанбас,  өздіндік  қолтаңбасы бар дарынды дизайнер екенін дәлелдеп келеді. ASPARAFASHIONWEEK байланыстыратын түрлі елдердің дизайнерлері мен сарапшылары бір-бірінен шеберлік пен тәжірибе алып,тілдік қарым-қатынас пен мен  әр елдің мәдениеттерімен танысады, бүкіл әлем бойынша саяхаттайды. Әрине, бұл үдерісте Қазақстан мен киелі ТАРАЗ қаласы ерекше орын алады.

Айдархан Қалиев – Орталық Азиядан әлемдік сән үрдісінің жалғыз және тұрақты қатысушысы, оның соңғы уақытта әртүрлі сән апталықтарына  қатысу  кәсіби ұйымдастырушылыққы ұласты. Италия, Германия, Франция, Сербия, Түркия, Үндістан, Марокко, Қытай, Швеция, Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Германия және тағы да басқа елдерге барып ұлттық құндылықтарымызды таныстырды. “ASPARAFASHIONWEEK” халықаралық сән апталығының жобасын 2017 жылдың басында әлемдік беделді киім дизайнерлерінің бірі – Айдархан Қалиев жасаған болатын.

Оның ерен еңбегінің арқасында Қазақстанның оңтүстік өңірінде алғаш рет Еуропалық дизайнерлер мен Орталық Азияның  дарынды дизайнерлерін бір жереге топтастырған  халықаралық сән көрсетілімдері ұйымдастырылып, өткізіліп келеді. Айдархан Қалиев белгілі Milanfashionweek, Parisfashionweek, Amsterdamfashionweek, Berlinfashionweek, Lvivfashionweek, Serbianfashionweek, AsiandesignersweekIndia, Eurasianfashionweek China, FashionweekIstanbul, Stockholminternationalfashionfair, Tajikistanfashionweek, Uzbekistanfashionweek сән апталықтарының ресми бағдарламаларында жұмыс істейтін алғашқы азиялық дизайнер сондай-ақ, ASPARA FASHION WEEK  сән апталықтарының ресми серіктесі болып табылады.

Айдархан Қалиев суретші ретінде фольклорлық материалдан ең алдымен өзіне тән, көркемдік ой-өрісіне жақын дүниелерді табады. Ою-өрнек және безендіру жүйесі, киім топтамаларының жобасын пішу техникасы мен бейнелі шешімі, инновациялық технология көмегімен жасалған. Жаңа материалдарды пайдалану – осының барлығы ұлттық мотив негізінде шығармашылық шабыт, пен ұшқыр қиялдың, ізденістің нәтижесінде тамаша киім топтамаларының туындауына себеп болады.

Бірақ оның барлық топтамаларының негізгі өзегі  «Нео-фольклордың» этникалық стилінің мәні, Айдарханның өзі айтқандай, «Қазіргі киім дизайнерлері Ұлы дала көшпенділері екенін, солардың  ұрпағы екенімізді мақтан тұту мен  өз халқының салт-дәстүрін, тарихын білуден» туындаса керек. Әлемдік сән индустриясында өзін танытып үлгерген «ASPARAFASHIONWEEK» халықаралық сән апталығы алаңында «Нео-фольклор» стиліндегі дизайнерлер мен сәнгерлердің ІІ Ұлттық байқауы өтеді.

Байқау және «ASPARA FASHION WEEK» Халықаралық сән апталығы алаңының қызметі жас дизайнерлерді қолдауға, Қазақстанның сән индустриясын жандандыруға және дамытуға, сән әлемінде халықаралық деңгейде ынтымақтастыққа, осыған байланысты мәртебесін көтеруге бағытталған. «Нео-фольклор» стиліндегі киім дизайнерлерінің ІІ Ұлттық байқауы қазіргі жастардың халықтық дәстүрлерді меңгеруіне және мәдениеттің ортақ қазынасына үлес қосуына ықпал етеді; этникалық костюм тек сахнада немесе сән көрсетілімдерінде ғана емес, күнделікті өмірде киетін киім үлгісіне айналуына ықпал ету.

Сонымен қатар, байқау барысында сән индустриясының танымал қазақстандық және шетелдік сарапшыларымен шеберлік сабақтары өтеді: 04.05.2022 – «Коммерциялық коллекцияларды жобалаудың заманауи әдістері» тақырыбы бойынша шеберлік сыныбы – Раф Сардаров (Мәскеу, Ресей); 05.04.2022 – «Киімді жобалаудың заманауи әдістері» тақырыбы бойынша шеберлік сыныбы – Салиев Сұлтан (Қазан қ., Татарстан); 05.05.2022 ж. – «Бернина тігін машиналарының тоқыма бұйымдарын сәндік өңдеу және әшекейлеудегі мүмкіндіктері» тақырыбы бойынша шеберлік сыныбы – Тамара Штрошерер (Штутгарт, Германия).

05.05.2022 ж. – «Құрақ» техникасы бойынша заманауи киімдерді жобалау әдістері» тақырыбы бойынша шеберлік сыныбы – Татьяна Воротникова (Бішкек, Қырғызстан); 06.05.2022 – «Әлемдік сән индустриясындағы авторлық топтамалардың тұсаукесері» тақырыбы бойынша мастер-класс – Sensemilia Liticia Sumter (Амстердам, Голландия); 06.05.2022 – «Қазіргі заманғы жағдайларда дизайн өнімдерін басқару және маркетинг» тақырыбы бойынша шеберлік сабағы – Лола Сайфи (Ташкент, Өзбекстан).

Қазақстани колледждер арасында өтетін неофольклор стиліндегі киім дизайнерлерінің екінші Ұлттық байқауына Қазақстанның 25 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымынан, 7 облыстан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан 45 үміткер қатысты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий