Бірегей қабілеттері бар балалармен кездесу

Павлодар облысының Ертіс ауданының музыка өнер мектебінің базасында аудан әкімі Аян Бейсекиннің бірегей қабілеттері бар балалармен кездесуі өтті. Шара еркін форматта өтті, балалар өздерінің қызықты әуестері туралы айтып, өз қабілеттерін көрсетті. Қарақұдық мектебінің оқушысы Сүйінбай Көшен және №2 Ертіс мектебінің оқушысы Шынғыс Бекниязовтардың жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылып, өздерінің шеберлік техникаларын әкелді, – деп хабарлайды осы шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі.

Шыңғыстың әр түрлі техникада орындалған, ең әдемі және басқа жұмыстардан ерекшеленетін көптеген жұмыстары бар – бұл графикада жасалған суреттер. Сүйінбайдың жұмыстары мысырлық тастар – стразалармен жасалады. Іс-шараның ең жас қатысушысы Ілияс Егімбаев, ол жас кино актер, «Көршілер» атты балалар сериалда бой көрсетіп, көрермендер ықыласына бөленді. Музыкалық өнер мектебінің тәрбиеленушілері Бекжан Сердалин мен Дінмұхамед Беспаев өздерінің музыкалық әуестіктері туралы айтып берді.
Бекжан музыкалық тректер жасағанды ұнатады және өзінің болашағын музыкамен байланыстырғысы келеді. Дінмұхамед Делло-Джойоның «Безделушка» және Эндрю Врангельдің «Раша» атты шығармаларын фортепианода орындады. Өз күштерін Қызылжар мектебінен Антон Граф және Қосағаш мектебінің оқушысы Артем Фитькалов көрсетті. Антон АК-74 автоматын құрастыру бойынша облыс чемпионы, онда ол өте жақсы нәтиже көрсетті.

Артем 10 жасынан бастап атқа мініп, жабайы жылқыларды үйретіп жүр. Бос уақытында «Тазы» тұқымды иттермен аң аулайды. Қараағаш мектебінің оқушысы жас ақын-жазушы Дастан Ермеков «Кереку» атты өз шығармасын ұсынды. Ал, Ағашорын мектебінің оқушысы Александр Абдикаримов бала кезінен техникамен, машиналар мен мотоциклдерді жөндеумен айналысады, өзінің болашағын осы кәсіппен байланыстырғысы келеді.
Қазақ халқының асыл мұраларының бірі – қамшы өру. Бұл өнермен Қарақұдық мектебінің оқушысы Ерхан Мұратов айналысады. Балалар шығармашылығы және бос уақыт орталығының тәрбиеленушісі Данил Урбан техникалық модельдеу үйірмесіне қатысып, яхтаның қолданыстағы моделін ұсынды. Ертіс №2 мектебінің оқушысы Ерасыл Ауталипов және Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің оқушысы Марат Сериков біздің ауданның ғана емес, Павлодар облысының да мақтанышы екенін айтып өткен жөн.

Ерасыл – 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақ ұлттық спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпионы, спорт шеберіне кандидат және облыстық, республикалық деңгейдегі көптеген марапаттардың иегері. Марат – «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық байқауының, Республикалық қысқы және жазғы көпсайыстың үш дүркін жүлдегері. Іс-шара соңында аудан әкімі талантты оқушыларға жаңа жетістіктер тіледі. Балалар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
