“Цифрлы өнеркәсіп” мамандарын даярлау тимділігі
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылғы қаңтардағы кезекті Жолдауында «Техникалық мамандықтарға басымдық беру керек» және «Экономикамызда техника саласының мамандарына сұраныс өте жоғары, бірақ, мүмкіндіктер аз кәсіпорындар тисті мамандарды шетелден шақыруға мәжбүр. Осындай келеңсіз жағдайды жедел түзетуміз керек», – деген болатын.

Кезінде университетіміздің негізін қалаушы, академик Әбдімұса Мұратұлы Қуатбеков техникалық мамандықтарды ашуды ойластырғанда, болашақта еліміздің экономикасына, нарық сұранысына қажеттілігі артатынын болжай білген көрегендігіне қазір көзіміз жеткендей. Конференцияның тақырыбын техникалық мамандықтардың бүгінгі өзекті проблемасына арнап отыруымыз да бекер емес. Ол бүгінгі цифрлы технологиялардың жылдам өзгерістерінің білім мен ғылымға үлкен міндет жүктеп, конференция тақырыбының «Білім және ғылым: өнеркәсіптік революцияның сын-қатерлері» болып бекітілуіне негіз болды.
Өзекті тақырып аясында әріптестеріміз де ерекше қолдау білдіріп, еліміздің ғылымына және экономикасына ерекше серпіліс беретіндей конференция өткелі тұр. Ғалымдардың бас қосуы, еліміздің ірі өндірістерінің қызығушылығы конференцияның мәртебесі мен құндылығын арттырып отыр. Атап айтқанда, «Қазахмыс корпорациясы», «Саут-Ойл» компаниясы, «ВICrup» компаниясы, «Казфосфат» ЖШМ, «Кarlscrona» ЖШС және тағы да басқа өндіріс орындары және олардың бірқатарларының «инновациялық өнім» көрмесіне өнімдерін қоюы.
Әрине, бұл жағдайдың орын алуына әріптестеріміздің үлесі де бар екендігіне тоқталсақ, ол: Ресейлік Пётр Великий атындағы Санкт-Петербург политехникалық университеті цифрлық трансформация проректоры, әлемдік деңгейдегі инженерлік, зерттеу орталықтарының жетекшісі, профессор А.И. Боровковтың, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы президенті, академик Б.Т. Жұмағұловтың қолдаулары. Осы конференцияның тақырып аясындағы өнеркәсіптік революцияның сын-қатерлерінің алдын алу, заман талабына сәйкес мамандардың қалыптасуына және цифрлық технологиялардың тимділігін арттыру болып отыр.
Болашақ мамандардың орындаушылық қабілеттерінің жеткіліксіздігі, аса маңызды құзыреттілік – өндірістегі күрделі проблемаларды шешу мүмкіндігі. Ал, ол өз негізінде маманның лидерлік және шығармашылық қабілетімен қатар жоба менеджері ретінде фундаментальды базалық, физика-математикалық білімі негізінде жаңа цифрлық технологияларға негізделген (big date) үлкен базаларды басқару арқылы, бұрын шешуге айлап уақыт кететін проблемаларды қысқа мерзімде шешуге қол жеткізуі болып табылады.
Жаһандық технологиялардың жылдам өзгерістері қазақстандық экономикамыздың алдына үлкен міндеттер артып отыр. Әсіресе, еліміздің техникалық университеттері алдында. Индустрияның технологиялық трансформациясы – заманауи инженерлік кадрлар сұранысының артуына жайтараптық танытуда. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауының бірінде: «Оқу орындарының жоғары технологиялардың жылдам өзгерістеріне жайтараптық танытуы – мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру». Сонымен қатар «маман дайындау бағдарламаларының заман талабы мен сұраныстарынан алшақтығы», – деп көрсеткендігі.
Өкінішке қарай, еліміздің жоғары оқу орындары әлемдік инно- вациялық әлеуеттің қарқынды өзгерістеріне тиісті дәрежеде мерзімді ілесе алмауда. Ол үшін структуралық өзгерістер жасау маңызды. Атап айтқанда, мемлекет мен жұмыс берушілер арасындағы тығыз байланысты күшейту. Бүгінгі таңда «цифрлы өнеркәсіп» талаптарына қажетті маман дайындаушы жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілетті болуы айқын. Осы орайда білім мен ғылым IV өнеркәсіп революция сынқатерлеріне бейімделуіне ерекше мән беру – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі екендігі анық.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы орайдағы бизнес пен білімнің интеграциялық жағдайларындағы жұмыс берушілердің жоғары оқу орындары мен колледждердің білім бағдарламаларын қалыптастырудағы ынтасының төмендігін айтқан болатын. Интеграциялық ынта бизнес әлеуетінде жоғары және тартымды болған жағдайда ғана маман дайындаудың сапа индикаторлары заман талаптарын мерзімді қанағаттандыратыны анық. Оның дәлелі, кезіндегі Теміртаудағы металлургия өндірісіне қажетті инженер мамандарды қамтамасыз ету мақсатындағы ВТУЗ-дың ашылуы, өндіріске тиісті дәрежеде серпіліс бергендігі бәрімізге белгілі.
Сондықтан өңірлердегі 3.0 жаңа технологияларға негізделген ірі бизнес өкілдеріне, сондағы техникалық жоғары оқу орындарына басқару мүмкіндіктерін беру арқылы сапалы маман дайындаудың тиімдігін арттыру. Қажет болса, оларға жоғары оқу орындарында акционерлеу мүмкіндігін беру және бизнестің, университеттердің материалдық базаларына заманауи зертханалар, бағдарламалық платформалар мен жоғары деңгейлі компьютерлермен жабдықтау шығындарына салық бойынша проференциялар беру қолға алынса.
Әрине, мемлекет те, жоғары оқу орындары да, бизнес те ұтары анық. Нәтижесінде ел экономикасы жаһандық бәсекеде қарқынды дамуға бет алар еді. Мысалы, Ресейліктер 2015 жыл- дан 2035 жылға дейін жаһандық технологиядан көшбасшы болу мақсатындағы жобаны іске асыруда. Бұл жобаға кәсіпкерлік стандарттағы 3.0 жоғары оқу орын- дары мен РВК және АСИ инновациялық компаниялары тартылып, нәтижесінде, бүгінде Ұлттық технологиялық ынта орталықтарында болашақтың мамандарын дайындау мүмкіншілігіне қол жеткізіп отыр.
Біздің елімізде 2030 жылдарға дейін қажеттілік құзы- реттеріне жауап беретін 4.0 инженерлер. Ресей индустриясының озық технологияларға негізделген өндірістерінің бірқатары қорғаныс саласының мемлекеттік мекемелері болғандықтан университеттермен интеграциялық жағдайлары қалыпты, ал бізде өндірістер түгелдей жекеменшіктік статуста болуынан жоғарыдағы интеграциялық форманың тиімді жүйесін қалыптастырудамыз.

Сапалы «цифрлы өнеркәсіп» мамандарын дайындаудың тиімділігінің бірден-бір бағыты – «Атамекен» ҚР ҰКП мен ҚР Білім және ғылым министрінің интеграциялық және инновациялық көзқарастарына, өңірлердегі тиісті өндірістер мен жоғары оқу орындарының деңгейлеріндегі тиімділігіне, бизнестің жауапкершілігін арттыру жағдайларына ерекше мән беру. Сонда ғана цифрлы өндірістердің тиісті мамандармен қамтамасыз етілуіне жол ашылары анық.
Рабиға ҚУАТБЕКОВА,
Академик Ә.Қуатбеков атындағы
Халықтар достығы университетінің
ректоры, Түркістан облыстық мәслихатының
депутаты, м.ғ.д., профессор