Халықаралық конференция: IV өнеркәсіптік революцияның сын-қатерлері туралы

Мамыр айының 13-і, яғни осы аптаның жұма күні академик, химия ғылымдарының докторы, профессор Әбдімұса Мұратұлы Қуатбековтің 80-жылдығына арналған «Білім және ғылым: IV өнеркәсіптік революцияның сын-қатерлері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің баспасөз қызметі.

химия ғылымдарының докторы, профессор – Әбдімұса Мұратұлы Қуатбеков

Басты мақсат: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 01.09.2020 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы және 11.01. 2022 жылғы Үндеуі аясында жоғары технологиялардың жыл- дам өзгерістерінің сын-қатерле- ріне орай туындаған кадрларды дайындаудың трансформация- лану жағдайларындағы страте- гиялық көзқарасты айқындау және бизнес өкілдерімен талқылау.

Осы орайда IV өнеркәсіптік революцияның әлемдік деңгейдегі көшбасшыларының бірі Великий Петр атындағы СанктПетербург политехникалық университетінің цифрлы трансформациялау жөніндегі проректоры, ғылыми-зерттеу орталықтарының жетекшісі, профессор А.И. Боровковтың конференция аясында кең көлемде Қазақстанда тұңғыш рет ауқымды баяндама жасайды.

Қатысушылар: Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Экономикалық Кеңесінің мүшесі, Петр Великий атындағы СанктПетербург политехникалық университетінің (СПбПУ) цифрлық трансформациялау жөніндегі проректоры, әлемдік деңгейдегі «Алдынғы қатарлы цифрлы технологиялар» СПбПУ Ғылыми орталығы, СПбПУ НТИ «Жаңа өндірістік технологиялар» компетенция орталығы және СПбПУ (СompMechLab®️) Инженерлік орталығының басшысы, профессор А.И. Боровков. ҚР ҰҒА академигі Б.Т. Жұмағұловтың төрағалығымен ҚР Ұлттық Инженерлік академиясы төралқасының құрамы және алыс және шақын шетел ғалымдары.

ҚР ірі бизнес өкілдері («Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС, «Саутс ойл» ЖШС, «KARLSKRONA LS AB» ЖШС және тағы да басқалар). Сондайақ ҚР БҒМ өкілдері, ҚР Парламенті депутаттары, «Атамекен» ҰКП өкілдері, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы әкімдері, мәслихат депутаттары шақырылды. Уақыты: 10.00-17.00. Өтетін орны: Шымкент қаласы, RIXOS-Khadisha Shymkent, «Ballroom» залы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий