Білім беру сапасын арттыру жайы

Аймақтағы оқу әдістемелік орталығының бастамасымен «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасын іске асыру шеңберінде Қарасай ауданындағы Б.Қосынов атындағы орта мектебінде «Инновациялық технологиялар – заманауи мұғалімнің табыс векторы» тақырыбында арнайы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Негізгі мақсаты – заманауи білім беру технологияларын жүзеге асыруда педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға ықпал етуді көздейді. Семинар «Тәжірибе», «Жаңалық», «Талантты және шығармашыл, ыңтымақтастық» алаңдарында өтті. Мектеп директорының ғылыми – әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары С.Канагатова «Оқытудағы метапәндік тәсіл-білім сапасын арттыру құралы», «Ассистенттердің көмегімен сабақ жүргізу» жобаларын таныстырды. «Жаңалық» алаңында мектеп психологы Н.Скакова, дефектологтар Ж.Омарова мен А.Бакиева «Эмоция әлемі», «Сенсорлық интеграция – балаларды дамытуға тиімді әдіс» бойынша іс тәжірибелерімен бөлісті.

Диалогтық алаңда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымындағы Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы тренері А.Алимов «Оқыту үдерісін жоспарлау» тақырыбына педагогтермен ой бөлісті. «Талантты және шығармашыл, ынтымақтастығы» алаңында «Шеберлер құпиясы» TEDx форматында жас мамандар мектебінің жұмысын көрсетті. Басқосуға Райымбек, Қарасай, Іле аудандарындағы орта білім беру ұйымдарының жетекшілері және мектеп директорларының орынбасарлары мен пән мұғалімдері қатысты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий