Лицей шәкірттерінің үздік үлгісі

Ларнака қаласында (Кипр) математикадан Балқан олимпиадасы аяқталды. Оған Балқан түбегінің он алты елінен 96 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы екі күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Соның ішінде, жергілікті «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Әділет Зауытхан күміс жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Басқа аймақтардағы сияқты республикамыз бойынша оқуға қабылданған 6 оқушының төртеуі осы облыс орталығындағы «Білім-инновация» лицейінің шәкірттері. UNIST, яғни, Оңтүстік Кореядағы Улсан ұлттық ғылым және технология институты білім деңгейі бойынша әлемдегі ең мықты екі жүз университеттің қатарына кіреді. Азия бойынша университеттегі оқудың сапа көрсеткіші бәсекелестері арасында 21-ші орындаға тұрақтаған.

Енді бұл атақты жоғары оқу орнының қабырғасында атыраулық Нұрдаулет Хаженов, Әділ Султанов, Ризабек Алпамыс, Әділет Зауытхан білім алатын болады. Дарабоз оқушылар республикалық, халықаралық олимпиада байқауларының жүлдегерлері. Айта кетелік, дүниежүзі бойынша небары 15 орынға берілген квотаның төртеуін мұнайлы өлкенің үздік түлектері жеңіп алып отыр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий