45 домбыра сыйға тартты

Түлкібас ауданына қарасты Ұрбұлақ мектебінің домбыра үйірмесі 45 дана жаңа ұлттық аспаппен толықты. Жергілікті жұртшылықтың қолдауымен тұрақты дәстүрге айналған «Мектебіңе домбыра сыйла» акциясы биылғы жылы да жоғары деңгейде ұйымдастырылған болатын. – деп хабарлайды Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі.

Балалар жылына арналған игі шараға аудан әкімінің орынбасары Марат Жанесен, мәслихат депутаттары, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ержан Қадырбек және “Мектебіңе домбыра сыйла” акциясының алғаш бастаушысы, ұйымластырушы белсенді педагог Ақмарал Бурлибаева, округ әкімі мен осы мектепті 30 бен 50 жыл аралығында бітіріп кеткен түлектері және мектеп директорлары қатыстып, мектепке 45 дана жаңа домбыраны сыйға тартты.

Аудан әкімінің орынбасары Марат Сүгірәліұлы және іс-шара қонақтары құттықтау сөз сөйлеп, өскелең ұрпақ үшін шараның маңыздылығын айрықша атап айтты. Басқосу барысында мектеп жанынан құрылған домбыра, би, ән үйірмелерінің тәлімгерлері келген қонақтарға концерттік бағдарламасын ұсынып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ұлт келешегі үшін тәрбиелік маңызы зор акцияға қатысқан кеш қонақтары жоғары деңгейде ұйымдастырылған шараға оң бағаларын беріп, Ұрбұлақ мектебінің директоры Алмас Төлепбергенов игі шараны эстафета ретінде Тұрар Рысқұлов мектебіне табыстады.

Бұл акция ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбайдың ұсынысымен бастау алған еді. Ауданға келген сапарында ұстаздармен кездескен халық қалаулысы ұлттық аспапты ұлықтау жөнінде ой тастайды. Идеяны құп көрген Састөбе ауылының А. Макаренко атындағы мектебінің түлектері акцияға алғашқы қатарда бірлесе үн қосып, білім алған алтын ұя мектептеріне 15 домбыра тарту еткен болатын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий