“Балалық шақтың аспаны” тақырыбындағы фестиваль

М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Балалық шақтың аспаны» атты фестивалі өтті. Іс-шара 1-маусым Халықаралық балалар күні қарсаныңда және «Балалар  жылы» аясында жүзеге асты. «Балалық шақтын аспаны» іс-шарасы білім-өнер көрме-фестивалінің жоспары аясында жүзеге асты. Өңіріміздің дарынды, талантты оқушылары жиналған қауымға ән мен биден шашу шашып, бірегей туындыларын ұсынды, – деп хабарлайды осы шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі.

Балалар жылын мерекелеу шарасы «АМАNAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы Теренченко Илья Сергеевичтың және облыс депутаттарының қатысуымен өтті. Халық қалаулыларына дарынды оқушылардың қолөнер жұмыстары,  мүсіндер, бейнелеу өнері, работотехника, модельдеу мен қатар бірегей туындылары ұсынылды.

Аталмыш фестиваль – балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту және қолдау, жасөспірімді белсенді демалысқа баулу және мерекелік көңіл күй сыйлауға бағытталып отыр. Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар легі 1-маусымда өтетін «Ертіс бала Fest» ауқымды фестивалімен аяқталады. Балалар арасында отбасылық, спорттық және шығармашылық фестивальдер мен мектеп және қалалық көлемде өтетін іс-шаралар, кәсіптік бағдар беру және Гала-концерттер ұйымдастырылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий