Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығына арналған республикалық оқулардың павлодарлық жеңімпаздары

Алматы облысындағы Ақсу ауданының І. Жансүгіров ауылында жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында республикалық «Ілияс оқулары» өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты: оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету, жас ақындарға әлеуметтік рухани қолдау көрсету, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.

Республикалық байқаудың «Ілияс – эпик ақын», «Сұлу сөздің сүлейі»   және «Ағынды менің-Ақсуым» бағыттарында 46 оқушы бақ сынасты. Павлодар облысынан байқауға өңірлік кезеңінің 3 жеңімпазы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша «Сұлу сөздің сүлейі» бағытында І дәрежелі дипломға Баянауыл ауданы Ж.Аймауытов ат. жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Шәкен Айсәуле ие болды.

Ақсу қаласы Қызылжар жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Темиргалиева Аяулым және Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Рафаилов Бейбарыс «Жас жыршы» номинациясын иеленді. Іс-шара аясында қатысушылар мұражайға барып, Ілияс Жансүгіров ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

 Ж. АБАИЛЬДИНОВА,
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий