Ақтөбелік зияткерлер жергілікті ардагерлерге құрмет көрсетті

Ұлы Жеңіс қарсаңында Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары мен ұстаздары қаладағы ҰОС тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып, мерекелік сый-сияпат көрсетті, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Жыл сайын ардагер қарияларды құттықтау дәстүрге айналды. Мектеп қауымдастығы атынан еңбек майданының ардагерлерін құттықтау құрметі 7, 11- сынып оқушылары – Бейбарыс Жұмағалиев, Анель Сабирова, Нұрайым Ахметова, Баянсұлу Бейбітова және Бакытжан Махамбетовтерге түсті.

Ақтөбе қаласында бүгінде 8 соғыс ардагері болса, еңбек майданының ардагерлері саны 3000-нан асады. Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор.  Соғыс басталғанда сельхозға мүшелікке кіріп, соның өркендеуі жолында Брусс Анфиса Ивановна, Чурзин Виктор Емельянович, Бойко Зоя Даниловна, Прихно Александр Федорович күш-жігерлерін аямай еңбек еткен.

Олардың бірі соғыстан кейінгі 30 жылын білім саласына арнаған ардақты ұстаз Бойко Зоя Даниловна Ақтөбе қаласындағы №5 Орта мектепте қызмет еткенін айтты. Атақты шәкірттерімен мақтанып, балаларға да сондай үлгілі оқушы болуларын тіледі. Сұм соғыстың ауыртпашылығын сезінген тыл еңбеккері сол кездегі естеліктерімен бөлісті. Анасының көп жұмыс істеп, балаларын қарауға шамасы келмеген кездерін мұная есіне алды.

Алты-жеті жасар балалар егіс алқабында қолмен бидай теріп, тамақтың орнына бидай дәндерін қуырып, оларды барлық отбасы мүшелеріне тең бөліп, күні бойы ауыр жұмыс жасады. Барлық әйелдер, өсе келе біз, түнде жылы шұлықтар мен қолғаптар тоқып, олар да майданға жіберілді, – деді Зоя Даниловна. Осындай соғыс куәгерлерінің естеліктерін ести отырып, жеңістің оңай келмегенін білген Зияткерлік мектеп оқушылары өз ойларымен бөлісті.

 

«Әр дәуір өз ұлыларын дүниеге әкеледі» дейді халық даналығы. Иә, сол заманда фашизмді жеңіп, жеңісті сыйлаған, бейбіт аспан үшін күрескен арғы аталарым нағыз халық қаһармандары болғаны сөзсіз! Біз олардың болашағы үшін жасаған ерлігін мәңгі есте сақтауға міңдеттіміз! – дейді Бейбарыс Жұмағалиев, 11-сыныпта оқитын ақтөбелік зияткер.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий