Ақмола облысы: “Жүрекпен есту құдыреті” тақырыбындағы есеп беру концерті
Балалар жылы аясында облыс орталығында есту қабілеті бұзылған балаларға арналған № 4 арнайы түзету мектеп-интернаты тәрбиеленушілерінің жыл сайынғы есептік концерті өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың денсаулығы мен әл-ауқаты проблемаларына қоғамның назарын аудару болып табылады, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
2021-2022 оқу жылы №4 арнай мектеп-интернатының оқытушылары мен оқушылары уақыттарын әрдайым конкурстарға, фестивальдарға, концерттер мен олимпиадаларға дайындықпен өткізеді. Соның арқасында балалар жоғары нәтижелерге қол жеткізгенін айта кету керек. Оқу жылын қорытындылау, оны үлкен концертпен аяқтау оқытушылар мен оқушылар ұжымының игі дәстүріне айналды.
Мектептің жыл сайынғы есептік концерті атқарылған жұмыстардың қорытындысы іспеттес және мектеп оқушыларының жетістіктерінің көрсеткіші болып табылады. Концертте мектептің ең жарқын және қызықты қойылымдары, балалардың бір жыл ішінде үйреніп білгендері көрермен назарына ұсынылды. Балаларды қолдап, әндерін тыңдап, жанды концерт көруге ата-аналар мен қонақтар келді.
Көрермендер жан-тәнімен, үлкен сахнада алғашқы қадамдарын жасаған балалардың, сондай-ақ, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерде жетістікке жеткен балалардың қойылымдарын үлкен ықыласпен қабылдады. Концертті қазақ халқының тарихын бейнеленген “Аманат” биі ашты. жоғары сынып оқушыларының “Менің Қазақстаным”, “Мен қазақпын”, “Перемен”, “Балаларды құшақтаңыз” әндері көрермендердің ыстық қошеметіне бөленді. “Губки бантиком”, “Вальс”, “Федерико”, “На четвертом этаже” би нөмірлері концертті одан әрі қыздыра түсті.
Концертте орындалған саңырау адамдар әлемі туралы “Голос души” музыкалық-би композициясы тыңдармандар жүрегінен ерекше орын алды. Оқушылардың сөйлеуін дамыту тұрғысынан логопедтер де өз жұмысын көрсетті. Сахна төрінен балаларға арналған өлеңдер оқылды. Балалардың қатысуымен “Балалық шақ”, балалар мен мұғалімдердің қатысуымен “Менің гүлім”, “Менің ересек қызым” әдеби монтажы орындалды.
Облыстық полиция департаменті “Родина” әнін орындап, өз шәкірттерін қолдады. Мектеп ұжымының орындауында көрермендерге “Аяулы алақан” биі, сондай-ақ ” Возьмемся за руки друзья ” ымдау әні ұсынылды. Концерт соңында мектеп түлектері “Жақсылық жаса” ымдау әнін орындады. Балалар өздерінің концерттік бағдарламасымен барлық көрермендерді, ең бастысы осы оқу жылы бойы оқушылардың жетістігі мен табысқа жетуіне күш-қуат жұмсаған мектеп оқытушыларын қуантты.
Загрузка...Айта кетейік, мектеп-интернатта Көкшетау мен Ақмола облысынан келген жүзге жуық бала білім алады. Бұл есту қабілетінің әртүрлі деңгейлері, ауызша сөйлеуді қалыптастыру, білім беру қажеттіліктері мен мүмкіндіктері бар оқушылар.