ҚР Білім беру ісінің үздігі, профессор, қызылордалық ғалым Алтынбек Ерназаров сексен жаста

Қызылорда облыстық Мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің төраға орынбасары Гүлнар Есқалиева агробиолог, биология ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі», профессор Алтынбек Ерназаровтың 80 жасқа толуына арналған Қорқыт Ата атындағы университеттің Ғылыми Кеңесінің кезектен тыс мәжілісіне қатысты, – деп хабарлайды осы аймақтағы жергілікті қоғамдық бірлестіктің баспасөз қызметі.

Жиын барысында университеттің білім беру қызметінде ғылыми және кадрлық әлеуетін заман талабына сай нығайту ісіне зор үлесі сіңген ғалымның еңбек жолы туралы баяндандалып, көпшілікке насихатталды. Кездесуге Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұртай Қайрат, Болашақ университетінің президенті Бақберген Досманбетов, университеттің құрметті ректоры Қылышбай Бисенов және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысты.

Гүлнар Есқалиева құттықтау сөзінде ғалымның ерекше еңбектері мен оқу құралдарына тоқталып, өз сөзінде: «Білім мен ғылым саласы қызметкерлерінің сапалы білім беру үдерісіндегі стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру мен педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту жолындағы қосқан үлесіңіз зор. Жоғары білікті мамандар даярлауда ғылыми-теориялық, әдістемелік жағынан терең де мағыналы жүзден аса мақалалардың, электрондық оқулықтың, 12 әдістемелік құралдардың, монография мен өмірбаяндық деректі кітаптың авторы екеніңізді білеміз.

Сіздің ел игілігі үшін жасап жүрген еңбегіңіз отбасыңыз үшін ғана емес, қатар жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де үлкен мақтаныш» деп атап өтіп, арнайы мерекелік сый-сияпат табыс етті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий