Қазіргі кезеңдегі жастардың адамгершілік-рухани құндылықтарының даму жолдары

Құндылық – бұл қандай да бір нәрсенің мәнділігі, маңыздылығы, қалаулылығы, пайдалылығы және қымбаттығы. Ол әлдекімнің бағалылығын, объективті болмысты және сонымен бір мезетте оның әлдекім үшін құндылығын, яғни субъективті бағалауды білдіреді. Дүние құндылыққа толы – материалды, табиғи, көркем және адами құндылықтар. Бір нәрсені екіншісінен артық көру жалпы тірі табиғатқа тән. Осы орайда, құндылықтың адамға тән екендігін баса айту қажет, өйткені барлық жаратылыстың ішінде адам ғана табиғи және мәдени туындыларды, идеялар мен амал-әрекеттерді, жалпы басқа адам мен қоғамды, сондай-ақ өзін-өзі бағалауға қабілетті.

Адам құндылықтарға мүдделі әрі мұқтаж болып табылады. Олар құндылықтар, дін, тіл, әдет-ғұрыптар және қоғамдық институттар сияқты ұғымдарды пайдалана отырып, өздерін анықтайды. Құндылық ұмтылыстар мен мақсаттардың, абсолюттік мағынасында болмыстың мәні болып табылады. Ал жоғары рухани құндылықтар: махаббат, жақсылық, өмір мәні, ақиқат, еркіндік, сұлулық, адамның өзіндік құндылығы, лайықты өмір сүру, жалпы адамгершілік және тағы да басқа. Ұлттық  құндылықтар: ұлттың тілі, ділі, діні, салт-дәстүрі, әдеп-ғұрпы, тарихы, мәдениеті, өнері, әдебиеті, музыкасы, ата мұрасы және сол сияқты.

Осы құндылықтардың мәні не, маңызы қандай, мақсаты неде дегенге келетін болсақ, құндылықтардың әрқайсысы адам баласының өмірлік ұстанымына тікелей әсер-ықпал етіп, жеке тұлғаның бағыттылығын, оның сенімдерін, дүниеге көзқарасын, идеалдарын, ұмтылыстарын, өмір  сүру түрін еркін таңдай алуын өз бетінше іске асырып, жеке тұлғаның әлеуетін барынша ашуға мүмкіндік береді.

Осы орайда қазіргі  жастардың дамуын, олардың құндылықтарға деген көзқарасын зерттеудің көптеген жолдары бар, сондай-ақ, өз кезегінде «жастар» ұғымының маңыздылығының анықтамасы да сан  алуан болып қалыптасады. Жастар әлеуметтену сатысынан өтетін, меңгеретін, ал біршама ересек жаста білім беру, кәсіби, мәдени және басқа да әлеуметтік функцияларды меңгеріп қойған адамдардың ұрпағы; нақты тарихи жағдайларға байланысты жастардың жастық критериі 16 жастан отыз жасқа дейін өзгеруі мүмкін деген тұжырымдамаға келеді.

Және автор жастарды ұрпақ ретінде қарастырып, осы ұрпақтың белгісі жастар ғана емес, сондай-ақ, олардың сенімі мен мақсаттарының бір болуы, өмірге деген қарым-қатынасының  ортақтығы болып табылады деп санайды. Еліміздің білім беру жүйесінде жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде руханилық пен адамгершілікке бағдарлап білім-тәрбие беру ісі өткір мәселе саналады. Осы тұрғыдан алып қарағанда ұлттық құндылықтарды  дәріптеуді, оны білім мазмұнына енгізу арқылы ұлттық тәрбие беруді, оны үздіксіз білім берудің көзіне айналдыруды, оның тереңдігі мен рухани шындығын балалық кезден бастап сіңіруді мұрат ету маңызды.

Жастарға рухани-адамгершіліктік тәрбие және білім беру ерекшеліктері: білім берудіңғылыми-кәсіби және рухани-адамгершілік мазмұнының ынтымақтасуына; рухани қауіпсіздік қабілеттерінің дамуы; жастардың адамгершілік, кәсіби және өмірлік көзқарастарының қалыптасып ықпалдасуына негізделеді. Жастардың рухани мәдениетін құраушылардың бірі құндылықтық бағдарлар болып табылады яғни, белгілі-бір мәндерді өмірді ұйымдастырушы бастамалар ретінде қабылдау және өзін соған сәйкес ұстау.

Адамның адамгершілігі – оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі – өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар – намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. Арлы адам – ардақты адам. Адамгершіліктің асыл қасиеттері: Отансүйгіштік, мейірімді, адал, еңбекқор, ақылды, әділ, парасатты жас ұрпақтарымыздың бойынан табылуы тиіс. Басқаша айтқанда, бүгін біз тек өзара түсіністік пен сыйластықтың, бір-бірімізге деген құрметтің арқасында ғана тіршілігімізді жалғастыра алмақпыз.

Сондықтан да, еліміздің болашағы үшін ҚБА-403 студенттерды тәрбиелеуде рухани, дәстүрлі құндылықтардың маңызы зор және біз күнделікті өмірде оларды қолданудың аясын кеңейтіп, үнемі назарда ұстап отыруымыз қажет.

Нұрғали Абдықапарұлы ӨСЕРБАЙ,
«Өзін-өзі тану»
 Адамның үйлесімді
дамуы гуманитарлық колледжінің
дене тəрбиесі пəнінің оқытушысы,
Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий