Жамбыл облысындағы ел оқушыларының жазғы гимназиадасы

Облыс орталығындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз Арена» спорт кешенінде Қазақстан оқушыларының ХІ жазғы гимназиадасы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Шараның ашылу салтанатына ҚР БҒМ өкілі Қалкен Жахин, суға жүзуден параолимпиада чемпионы Зульфия Габдулина, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Марат Мазимбаев, №1 спорт мектебінің директоры Сәлкен Жартыбаев қатысты. Олар спорт сайысында бақ сынатын спортшыларға қолдау көрсетіп, ізгі тілектерін білдірді.

Жалпы жазғы спорт сайысы 52 спорт түрінен өткізілсе, оның 27 түрі Тараз қаласындағы дүбірлі додада сыналған болатын. Сондай-ақ, бұл жарысқа он жеті облыстан 4000-ға жуық оқушы қатысты, олардың арасындағы жамдылдық жерлестеріміздің саны 650. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий