Жерге орналастыруды жобалаудың ғылыми негіздегі мазмұны

Жерге орналастыруды жобалау жұмыстарын бастамас алдын қажетті зерттеулер мен іздестірулерді жүргізеді. Оларға: топографо- геодезиялық, топырақтық, топырақтық зрозиялық, геоботаникалық, су шаруашылықтық, жол, жерге орналастыру және тағы да басқалар жатады. Зерттеу және іздестіру материалдары және де жер кадастрлық жұмыстар жобалау барысында кең қолданылады. Соңғы жылдары жерге орналастыру жобасынан алдын жерлерді аймақтау және облыстық, аудандық жерге орналастыру схемасын өңдеу жүргізіледі. 

Олардың негізгі міндеті- ауыл шаруашылығы және халық шаруашылығының басқа салаларын келешекте дамыту үшін жер ресурстарын пайдалану және оны қорғаудың  ең тиімді  бағытын анықтау. Жерге орналастыру схемасында жерді пайдалану мен елді мекендерді, өндірістік және басқа кешендерді орналастыру өзара байланысы ескеріледі. Сонымен, кез келген жоба құрушы жоба жасамастан  алдын шешетін мәселені түпкілікті салалық және кешендік схемаларда, жерге орналастыру схемасында, басқа болжамдау және жоспарлау жобалық өңдеулерде оған тікелей немесе жанама қатынасы бар болса үйренуі керек.

Жер адамның материалдық саламен байланысты қызметінде өндірістік байланыстардың нысаны болып табылады. Сонымен қатар ол барлық салаларында өндірісті ұйымдастыруда жер басты инженерлік база. Қандайда болмасын құрылыс тұрғызарда (нысандарды жобалауда) жұмыс жер телімінің бөлінуінен басталады. ҚР-ның Жер кодексіне сәйкес жерге орналасу жобасына сай шынайы түрде жер ауданы мен оның шекарасы анықталмай құрылыс жұмыстарын бастауға тыйым салынады.

Бұл ереже шахта, кен орындары, энергетика, фабрика, завод, жолдар құрылысы және тағы да басқа нысандарға қатысты. Ал ауыл шаруашылығында жер өндірісінің басты құралы. Сондықтан жерге орналастыру жобаларын жасауда оның сапасына, жанжақтылығына аса үлкен көңіл бөлінеді, онда жер жобалаудың жалпы талаптарымен қатар сол алынған аймақтың ерекшеліктері, климаты, нысандардың орналасуы, шаруашылықта тиімділігі, яғни барлық жағдайлары қарастырылады, ескеріледі.

Ауыл шаруашылығында жерде өндірісті ұйымдастыру жерді пайдаланудың сыртқы шекараларын жобалаудан басталып, сол жобаны шынайыға шығарып жүзеге асырумен аяқталады. Жерге орналастыру жобаларын жасау нәтижесінде жеке меншік, ауыл шаруашылық, шаруашылыққа жатпайтын, яғни жерге орналастыру нысандарының қатарына енгізілген жер телімдерінің тығыз тораптары қалыптасады. Жеке жер иелері мен жерді пайдаланушылардың жерлерінде өндірісті аумақтық ұйымдастыруға өзгерістер енгізіледі.

Болашақта жобалау, оны әлеуметтік экономикалық, экологиялық тұрғыдан және техникалық есептемелерімен негіздеу және соның нәтижесінде аумақты жаңа кеңістікте ұйымдастыру. Жерге орналастырудың жобалаудың негізгі мазмұны болып табылады. Жерге орналастыру объектісіне қарай екі түр тармаққа ажыратылады. Олардың біреуі ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарын құруға, қайта құруға, реттестіруге және жетілдіруге қатысты.

Екіншісі – әр түрлі мемлекеттік, қоғамдық және жеке шаруашылық мұқтаждықтарға (өнеркәсіптік, азаматтық, энергетикалық, гидротехникалық және басқа құрылыстарды жүргізуге, қорғаныс, транспорт, байланыс, ғылым, мәдениет) жер бөліп беруге байланысты. Демек ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жер пайдаланушылықтарын құру. Жерге орналастыру құрамында оның тек екі түрін белгілегенде жер категориялары мен жерге орналастыру іс-қимылдарының мазмұны толық қамтылмайды, өйткені олардың кейбіреулері халық шаруашылығы салалары мен әкімшілік-территориялық бірліктерге, ал кейбіреулері тек жеке кәсіпорындарға қатысты.

Қазіргі жерге орналастыру сала аралық сипаттағы, жалпы республика, сонымен бірге халық шаруашылығының жеке салаларының көлемінде, жердің пайдалануын ұйымдастыруға бағытталған іс-қимылдарды қамтиды. Шаруашылық жерін орналастыру (ШЖО) тек ауылшаруашылық көсіпорындарының, серіктестіктердің, кооперативтердің және ШФҚ-ның шеңберінде ғана жүргізіледі. Оның негізгі масаты жерді өңдеудің жаңа технологияеын енгізуге, топырақты әр түрлі техногендік және табиғи теріс ықпалдардан қорғауға, мәдени ландшафттарды жойылудан сақтап қалуға және жаңаларын қалыптастыруға қолайлы территориялық реттілік жасау.

Шаруашылық жерін орналастыру формаларының бөлінуі тәлімі және суармалы егіншілік аймақтарында жобалық міндеттердің әр түрлі әдіс-тәсілдері арқылы орындалуымен себептеледі. Тәлімі егіншілік аймақтарында жер учаскелерінің пайдалануы топырақ қорғау жүйесін, эрозия (жел, су немесе олардың қосыла әсер етуі) қауіптілігін, жердің сортаңданғандығын және басқа да осы тәріздес теріс ықпалдарды ескере отырып ұйымдастырылады. Осымен қатар басқа территориялардың да (аридтік және маусымдық жайылымдар) ерекшеліктері ескерілуі мүмкін.

Суармалы егіншілік дамыған аймақтарда ішкішаруашылық территорияны реттестіру суару жөне коллекторлық – дренаждық жүйенің, оның жеке элементтерінің орналасуымен, суды пайдалану мәселелерімен тығыз байланысты.

Гүлбану Іздібайқызы ЕСБОЛАЙ,
Yessenov University аға оқытушысы,
магистр,
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий