Ақтөбе облысында биыл 36 білім беру нысаны пайдалануға беріледі

ҚР Премьер-Министрі Әлихан СМАЙЫЛОВ екі күндік жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барып, бірқатар әлеуметтік, инфрақұрылымдық және өндірістік нысандардың объектілердің қызметімен танысуы барысында өңір оралығындағы 3500 ұл мен қыз оқитын «Білім» мектебіне ат басын бұрды, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Өткен жылы пайдаланға берілген бұл білім шаңырағында 117 сынып бар және үш жүзге жуық педагог шәкірттерге тәлім беріп жүр. – Балалар үшін жан-жақты дамуға бар жағдай жасалған. Спорттық, шығармашылық және логикалық бағытта дамудың мол мүмкіндіктері бар. Нақтыласақ, оқушылардың 61 пайызы қосымша үйірмемен қамтылды. Бастауыш сынып оқушылары болса, таңертеңнен кешке дейін мектеп қабырғасына білім алумен қатар тамақтанады.

Биыл екі 11-сыныптың түлектері үлкен өмірге қанат қаққақлы тұр. Олардың үшеуі «Алтын белгі» үміткері. Тоғызыншы сыныпты тәмамдаушылардың елуден астамы үздік аттестат алуға ниетті. Облыстық, қалалық қана емес, халықаралық конференциялар мен семинарларды да үйлесімді ұйымдастырудамыз, – деді ұстаздар ұжымының жетекшісі Айгүл Арынғазиева.

Үкімет басшысы облыстағы білім беру саласының даму барысы мен алдағы жоспарлармен танысқан соң қол жеткізілген қарқынды төмендетпей, жетістіктерді жоғарылатуға тапсырма берді. – Президент тапсырмасына сәйкес білім саласын дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылдануда. Биыл республикалық бюджеттен мектептер салуға 104 миллиард теңге бөлінді. Бұл қомақты қазына қаржысы еліміздегі мыңнан астам білім ордасын, оның ішінде осы өңірдегі 56 мектепті жаңғыртуға бағытталуда.

Аймақта 3 апатты және үш ауысыммен оқытатын 5 мектеп бар. Сонымен қатар шамамен он екі мың бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Осы мәселелерді шешу үшін жылдың соңына дейін 25 балабақша мен 11 жаңа мектепті пайдалануға берудің барлық мүмкіндіктері қарастырылуда, – деді Әлихан Асханұлы. Ақтөбе облысындағы 2025 жылға дейін 30 мың орынға арналған 54 мектеп салу жоспарда тұр.

Үкімет басшысы облыс әкімі мен білім басқармасының жетекшілігіне нарықтағы сұраныстарға сай түрлі саладағы орта буын мамандарды дайындайтын колледждерде дуалды оқытуды дамытудың маңыздылығына ерекше назар аударып, түлектердің жұмысқа орналасуына жағдай жасау қажеттілігін баса айтты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий