Бір отбасы – бір кітап

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған биылғы Балалар жылының аясында және халықаралық отбасы күніне орай «Бір отбасы – бір кітап» отбасылық байқауының жергілікті кезеңі ұйымдастырылды. Білімпаздар жарысының қорытындысында №19 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасының оқырманы Сәпиевтер жанұясы облыстық кезеңге жолдама алды, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласындағы білім бөлімінің баспасөз қызметі.

Қатысушылар бірінші – «Біз ұсынамыз: отбасымыздың сүйікті кітабы» бөлімінде отбасылық кітап көрмесі, оқыған кітаптары бойынша таныстырылым жасап, өздері сүйіп оқиын ақын-жазушыларының шығармаларын оқып берді. Екінші кезең талаптарына сай «Түймедақ» сайысында қатысушы отбасылар әдеби сұрақтарға жауап берді, үшінші кезең – «Білім көзі – кітапта» аталғандықтан бұл бөлімде әр қатысушы отбасылық кітабына жарнама жасады.

Қазылар алқасының шешімі бойынша №19 білім ордасындағы кітапхананың оқырманы Сапиевтер отбасы бірінші, №50 мектептің намысын қорғаған Досқазиевтер жанұясы екінші, №47 ЖОББМ кітапханасының оқырманы Мақсұт отбасы үшінші орынды иеленсе, №32 ЖОББМ кітапханасының оқырманы Красиковтар алғыс хатпен марапатталды. Жүлдегерлерге қалалық білім беру бөлімінің дипломы мен алғыс хаттары табыс етілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий