Театралдық қойылым байқауы

Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейінде ғалым, этнограф, жазушы, фольклоршы, әдебиеттанушы, сазгер Ақселеу Сланұлының сексен жылдығына орай жазушы шығармаларынан қалалық театралдық қойылым байқауы елордасындағы білім басқармасы мен жергілікті білім беруді жаңғырту орталығының бастамасымен ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласындағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Шара жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Ақселеу Сейдімбектің шығармаларын насихаттау, оқушылардың әдебиеттік шығармаларға құштарлығын, өнерге деген қызығушылығын, қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын арттыру мақсатын көздеген болатын. Сайысқа №8, №11, №15, №38, №40, №54, №70 мектеп лицейлері мен №54 орта мектеп және №62, №67, №74 мектеп гимназиялардың оқушылары қатысты.

Ортаңғы буын бойынша жүлделі бірінші орын № 54, екінші орынды №8, үшінді орынды №40 мектеп лийейлер иеленсе, жоғары буын жас ерекшелігі бойынша жүлделі орын №70 мектеп лицейіне екінші орын №74 мектеп гимназиясына және үшінші орын №45 орта мектебіне берілді. Шараға жазушының ұлы, немересі, қызы арнайы қонақ ретінде шақырылған Ернар Ақселеуұлы мен Зере Ақселеуқызы қатысушылар мен ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий