Теміржолшылар әулеттерімен кездесу

М.Тынышпаев атындағы ҚазККа Ақтау көлік колледжінде «Аталар жолымен, ағалар ізімен» тақырыбында жергілікті теміржолшылар әулеттерімен кездесу кеші және қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайрат­кері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері Мұхаметжан Тынышбайұлының (18791937) 143 жылдығына арналған студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Мектептен түлеп ұшып, колледж табалдырығын аттаған кешегі оқушылар, бүгінде мен «Қандай мамандықты таңдадым?» немесе «Таңдаған мамандығым болашақта қалай болар екен?» деген ойлар мазалайтыны анық. Сондықтан бүгінгі студенттер үшін мамандық таңдауда, оның адам өмірінде алатын орны, жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейтудің маңызы зор. Экономиканың негізгі күре тамыры саналатын осы салада қызмет атқаратын аға буын өкілдерінің тәжірибесі жастарға өнегелі үлгі.

Басқосуға арнайы шақырылған қонақтардың қатарында ҚР мәслихаттарының құрметті депутаты, аймақтың құрметті азаматы, даңқты теміржолшы Табылды Амиров; «ҚТЖ Жүк» ЖШС – «Батыс» филиалы директорының орынбасары Нажимеден Губашов; Маңғыстау темір жол бөлімшесінің бас ревизоры Болат Аманжолұлы; сигнализация және байланыс дистанциясының бастығы Кенгали Асканбаев; ардагерлер кеңесінің төрағасы Амандык Алдабергенов; Ақтау көлік колледжі директорының оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Ақжігіт Ахмедов және осы оқу орнының арнайы пән оқытушысы Марат Жолболдыұлы бар болатын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий