“WorldSkills Almaty – 2022” чемпионаты

«Білімді ұлт «Сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жұмысшы мамандықтарды танымал ету және «WorldSkills Kazakhstan»  ұлттық қозғалысын қолдау мақсатында мегаполис колледждерінің алаңдарында «WorldSkills Almaty – 2022» құзыреттіліктері бойынша аймақтық чемпионаты басталды, – деп хабарлайды Алматы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қаланың жоғары сынып оқушылары мен бітіруші түлектер үшін болашақ мамандықты таңдау мақсатында техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының арнайы көрмесі негізінде салтанатты рәсімі ұйымдастырылған бұл шара қаладағы 21 арнаулы кәсіби білім беру орталықтарында мамыр айының 19-ына дейін жалғасатын болады. Инженерлік және өңдеу технологиялары; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; қызмет көрсету саласы; білім мен өнер және гуманитарлық ғылымдар; денсаулық сақтау әрі әлеуметтік қамтамасыз ету бағытындағы 51 құзыреттілік бойынша үш жүз елуден астам жас мамандар бақ сынауда.

Ұйымдастырушылардың мәліметіне сүйенсек 9-11 сыныптарда оқитын он мыңнан астам шәкіртті қамту жоспарланған. Мақсатты аудитория: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері; сарапшылар; әлеуметтік серіктестер және жергілікті жұмыс беруші кәсіпорындар. Чемпионаттың ерекшеліктерінің бірі DeafSkills және Абилимпикс білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау болып табылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий