Халықаралық тәжірибелік форум

№57 жалпы орта білім беретін мектеп базасында әдістемелік орталықтың жылдық жоспарына сәйкес «Білім беру қызметі: Инновациялық әдістер, құралдар және тәсілдер» тақырыбындағы халықаралық тәжірибелік форум ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Пленарлық мәжілісте тақырыптардың аясында баяндамалар тыңдалып, жаңартылған білім мазмұны аясындағы тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды. Практикалық бөлімде шеберлік сабақтарға қоса семинар-тренингтер көрсетілді. Форумның ерекшілігі сабақтарда оқушылар емес, келген мұғалімдер отырғандықтан әрбір қатысушыға жақсы әсер бергенімен есте қалды. Пікір алмасу аясында қонақтар тағылымды тәжірибелерін ортаға салып, екі елдің бірлігі мен ынтымағын арттыру үшін белсенділік танытқан ұстаздар марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий