Ортақ мақсаттағы бірлестік

Филология ғылымдарының кандидаты Нұргүл Молдабайқызы Әбішева басқаратын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы “Ақтөбе облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты” қызметкерлерінің қолдауымен ұйымдастырылған «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында белсенді оқыту әдістерін тиімді қолдану» тақырыбындағы семинарда аймақтың тіл мамандары бас қосты, – деп хабарлайды осы өңірдегі білім басқармасының баспасөз қызметі.


Жиналғандар қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың әдіс -тәсілдерін ортаға салып, тәжірибелерімен алмасты. Басқосу барысында Ақтөбе қаласындағы Ә.Марғұлан атындағы №71 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асем Тугарисова цифрлық білім беру ресурстарын педагог тәжірибесіне енгізудің бағыттарына тоқталса, Сандуғаш Сарпықова, Кенжегүл Абилова, Қ.Боқанова жаңартылған білім беру мазмұны аясында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдері жайында сөз қозғаған болатын.

Шараға қатысушылар семинар мазмұнының маңыздылығы мен қарастырылған ақпараттардың құндылығын айрықша атап айтып, ұйымдастырушыларға әсіресе кафедра аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі А. Сугурбаеваға ризашылығын жеткізді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий