Химия пәнінен халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар сегіз медаль жеңіп алды

Қазақстан қоржыны тағы да халықаралық олимпиада жүлделерімен толықты. Химиядан 56-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар 3 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Зияткерлік сайыстар 9-16 мамыр аралығында Ташкентте (Өзбекстан) офлайн форматта өтті. Қазақстан құрамасы атынан Қарағанды, Ақтау, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Павлодар қалары және Ақтөбе қалаларынан 10 және 11 сыныптардың 12 оқушысы қатысты. Олар ТМД, Балтық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің оқушыларымен білім сайысында бақ сынасты.
БҒМ оқушыларымызға басқа елдердегі құрдастарымен бәсекелесуге мүмкіндігін арттыру үшін барлық жағдайды жасап жатыр. Өзбекстанда өткен Менделеев олимпиадасының жүлдегерлері қабылдау емтихандарын тапсырмай-ақ Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ олар бірнеше рет оқу-жаттығу жиындарында ең жоғары нәтиже көрсеткен олимпиадалық резервтің мүшелері.
Айта кетейік, биыл команданы үздіктердің үздігімен толықтыру үшін барлық деңгейдегі олимпиадаларды өткізу процесі автоматтандырылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий