Семейлік қос зияткер халықаралық жарыста жеңіске жетті

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушылары Мағжан Серікбеков пен Диас Маратов “Ғылым әлемін ашамыз” атты Халықаралық ғылыми  жарыста І орынды жеңіп алды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған жарыстың қорытынды кезеңіне 161 жас зерттеушінің 116 ғылыми жобасы, оның ішінде 47 командалық және 69 жеке жұмыстар ұсынылды. Ғылым бәйгесінің «Экология және ғарыш қызметі» секциясында шәкірттеріміз «Жердің озон қабатын қалпына келтіру» атты жобаларын қорғады. Мағжан мен Диастың бірлесе қорғаған жобаның өзектілігі өте жоғары. Өйткені, олар жердегі озон қабатын қалпына келтіру әдіс-тәсілінің теориялық жаңа идеясын макет түрінде ұсынып отыр.

– Ғылыми жоба озон қабатының тесілуі, қоршаған ортаға әсері және қалпына келтіруге арналған. Kaz-Ozono-SMJSM –озонатор зауыты озонды өндіреді. Көміртекті материалдармен қапталған озон құбыры арқылы Kaz-Ozono-SMJSM озонаторынан өндірілген озон газын жоғары қысымды компрессор арқылы, 30-50 шақырым биіктіктегі Lockheed Martin компаниясының дирижабль көмегімен стратосфераның озон концентрациясы аз бөлігіне газды тасымалдайды, -дейді қос шәкірт. Жеңімпаздар ҚР БҒМ I дәрежелі диплом және алтын медальмен марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий