Жамбыл облысындағы форум: Отбасым – мақтанышым, тірегім

Тараз қаласындағы Достық үйінің қызыл  залында «Отбасым – мақтанышым, тірегім!» атты облыстық ата-аналар форумы ұйымдастырылды. Шара жұмысына ЖОО-ның ғалымдары, аудандық, Тараз қалалық ата-аналары, қамқоршылық кеңесінің төрағалары, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, барлығы 100  педагог шақырылды, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Форум  жұмысында қазіргі заман отбасыларындағы бала тәрбиесі мәселесінің ерекшеліктерін жан-жақты талқылай отырып, мектеп пен отбасының ынтымақтастығын және отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың бала тәрбиесіндегі маңыздылығын, ата-аналардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға шақыру мақсаты көзделген. Іс-шара барысында  республикалық  «Senimen bolashak» қоғамдық бірлестігі төрағасы Жолаев Ракымбек  Куатбекұлы құттықтау сөз сөйлеген болатын.

Облыстық  ата-аналар  комитетінің  төрағасы  Нұрақбаев  Ринат Даниярұлы  «Заманауи бала тәрбиесінде жетістікке жету кілті», М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік  университеті «Ұстаз» институтының директоры, экономика ғылымдарының  кандидаты,  доцент Джолдасова Орынқыз Көпбосынқызы «Тәрбие – стратегиялық  ұлттық  басымдық  ретінде», Жамбыл облысы бойынша іскер әйелдер қоғамдастығы жанынан құрылған «ЕлАна» кеңесінің мүшесі, ардагер ұстаз Ахметжанова Камилаш Құстүтінқызы «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы», Т.Рысқұлов ауданы, Құлан мектеп-гимназиясының ата-аналар комитетінің төрағасы, облыстық «Парасатты отбасы – 2021» байқауының жеңімпазы Исаев Бауыржан Сабитович «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыптарында баяндамаларымен таныстырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға қатысушылар тәрбиенің басым  бағыттары бойынша  әдістемелік көмектер алады, ата-аналарға  бала тәрбиесінде бағыт-бағдар беріліп, тәжірибе алматы. Басқосу барысында жиналғандар «Ұлттық қолөнер – ұлт қазынасы» атты қолөнер көрмесі мен Абай атындағы  Жамбыл  гуманитарлық  колледжінің фольклорлық ансамблінің  концерттік  бағдарламасын тамашалды. Жүздесу соңында үндеу қабылданып, баяндамашылардың іс – тәжірибелерінің электронды нұсқалары  таратылды. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий