Білім және ғылым тақырыбына бағытталған “Qabilet kz” подкасты жарыққа шықты

ҰБТ – мектеп оқушылары арасындағы ең өзекті тақырып. Мыңдаған қазақстандық оқушылар бүгінде тестілеуге дайындықты бастап кетті, алайда тест тапсырушылар ондағы жаңа өзгерістер мен мүмкіндіктер туралы біле бермейді, – деп хабарлайды осы шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі.

Осыған орай  «Елбасы Академиясы» КҚ YouTube арнасында «ҰБТ – 2022.  Өзгерістер мен ұсыныстар» тақырыбында подкаст шығарды. Подкастқа Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев және Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 гимназия директоры Аятжан Ахметжанұлы қатысты. Жүргізуші Маржан Әбдірасілқызы 2022 жылдағы ҰБТ-ға қатысты ең өзекті сұрақтарды көтеріп, спикерлерден жауап алды, тест тапсырушы түлектерге құнды кеңестер айтылды.

Бағдарлама қатысушылары ҰБТ-ны 10 рет қалай тапсыруға болатындығы туралы сөз қозғап, тестілеуді сәтті тапсыру үшін қажет ақыл-кеңестерімен  бөлісті. ҰБТ мәселесі түлектерді толқытып, ұстаздарды алаңдатып, ата-аналарды әуре-сарсаңға салатыны рас.  Осындай күрмеуі көп күрделі мәселелерді «Qabilet kz» подкастының  кезекті шығарылымында сарапшылармен бірге талқыланды.

2022 жылы ҰБТ-ға қандай өзгерістер енгізігенін, жас түлек сындарлы сынақты қанша рет тапсыра алатынын біле аласыз. Сонымен қатар ҰБТ кезінде жоғары балл жинауға көмектесетін лайфхактар да айтылды. YouTube платформасында подкасты тамашалап, қажет ақпаратпен таныса аласыз.  «Qabilet kz» подкастының  алғашқы шығарылымы «Не себепті РФММ, НЗМ, БИЛ мектептері не себепті сұранысқа ие?» тақырыбына арналды.

Баласы 6 сыныпта оқитын ата-ананы алаңдатқан сауалдар жауабы беріліп, Республика бойынша үздік үш мектептің қайсысы ең мықты екені талқыланды. Мамандандырылған мектептерге түскен баланың неліктен психологиялық көмекке зәру екені сарапшылармен бірге сараланды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий