Мұғалім шеберлігі – ізденіс нәтижесі

Рухани жаңғыру жолында ұстаздың шығармашылық қабілеті мен оқуды жаңаша ұйымдастырып,өзіндік тың ізденістерге талпынған ұстаздың ұтары анық. “Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтасымен оның мұғалімдігі де жойылады” – К.Ушинскийдің сөзінен-ақ ізденіс үстіндегі мұғалім оқушынының дарынын шыңдай түспек. Біздің орталықтың басты мақсаттарының бірі де сол ұстаздарға біліктілігі мен білімін ұштауға көмек беру.

Олардың үздіксіз дамуға көмек көрсету. Сол бағытта орталықта Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауы жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді.Конкурстың негізгі мақсаты – пәндер бойынша таңдау курстарын, арнайы курстар, элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін анықтау және тарату. Іс-шараға жұмыс өтілі бес жылдан жоғары жалпы білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатыса алады.

Аталмыш байқаудың облыстық іріктеу кезеңі өз кезегінде 2020-2021 оқу жылында онлайн форматта ұйымдастырылып, өткізілді. 2021 жылғы 30 қыркүйекте “Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен республикалық “Үздік авторлық бағдарлама” байқауының облыстық іріктеу кезеңі онлайн форматында өтті. Байқауға білім беру ұйымдарының 5 жылдан жоғары еңбек өтілі бар 51 педагог қатысты.

Нәтижесінде 22 педагог жүлдегер атанды. І, ІІ, ІІІ орын жүлдегерлерінің бағдарламалары республикалық іріктеу кезеңіне ұсынылады. Байқаудың барлық қатысушыларына сертификат табысталады. Кейіннен республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының жеңімпаздары 2022 жылғы 28 ақпан – 2 наурыз аралығында Алматы қаласындағы «Алтын Қарғалы» шипажайы базасында Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» педагогикалық байқауынан өтті.

Ақтөбе облысының командасы төрт жүлделі орын иеленді: ІІ орын: 1. Кулмуханов М. – Ойыл ауданы, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі; 2. Спанова А. – Хромтау ауданы, №6 Хромтау гимназиясының мұғалімі. ІІІ орын: Мадетхан Н. – Қобда ауданы, И.Тайманов атындағы гимназиясының мұғалімі. Грамота: Джалгасбаев Б. – Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының мұғалімі.

Әр мұғалім өз іс – әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс – тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдаланып, кәсіби дамып отыру қажеттілігін қамтамасыз етуінде деп білемін.

Үміт Елешқызы МАҚАШ,
«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік
қосымша білім беру орталығының
и
нновациялық-педагогикалық қызмет
көрсету бөлімінің әдіскері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий