Ақтөбенің жас дарындары Баянауылдан олжалы оралды

Қазақ  руханиятының таным-түсініктерінен мол мағұлмат беретін ұлы тұлға – Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармашылығын  насихаттау  мақсатында  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес 2022 жылғы 13 мамырда 8-11 сынып оқушылары арасындағы іі республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жаңажол ауылында өткізілді. Байқау 4 бағытта өткізілді.

Шарт бойынша әр облыстан төрт үміткер ұсылылады. Аталған  шараға  Ақтөбе  облысынан  4 оқушымыз  қатысты. Мәшһүр-Жүсіп оқуларының  мақсаты – филосов-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу; тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.

«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» – ғылыми зерттеу жобасын қорғау  бағытына  қатысушы  Хромтау  ауданы, № 7 мектеп- гимназиясының  оқушысы Асылбекова  Ақнұр  бас жүлдемен марапатталып, «Алдыма  өлең жаз деп қағаз келген,  Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» – мүшайра  бағытына  қатысушы  Ақтөбе  қаласы, Сазды орта мектебінің  оқушысы  Амангелді Асылханым жүлделі екінші орынды иеленді. 

«Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері»-Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы, әсіресе фольклорлық жазбаларындағы ұлттың ұлы тұлғаларын сипаттау» бағытына  қатысушы Ойыл ауданы, Көсембай негізгі мектебінің  оқушысы Қырықбаева Динара жүлделі үшінші орынға ие болды. Жеңімпаз  оқушылар  мен жетекшілерін  құттықтаймыз!!!

Гүлназ Аманжолқызы БЕКЕНБАЕВА,
«Ақтөбе-Дарын» өңірлік  ғылыми-тәжірибелік

қосымша білім беру орталығының әдіскері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий