Қызылорда – НЗМ: Оқушылар қаладағы №5 мектеп-интернатына барып, концерттік бағдарлама қойды

Зияткерлік мектеп оқушылары «Қоғамға қызмет» әлеуметтік жобасы аясында көру қабілеті нашар балаларға арналған білім мекемесімен достық байланыс орнатып, жыл бойына бірлескен шаралар өткізіп келеді. Бұл жолы NIS ұжымы мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне өз өнерлерін көрсетті, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Балалар достық туралы әндер шырқап, заманауи билермен көңілдерін көтерді. — Осыдан бірнеше жыл бұрын зияткерлік мектептің табалдырығын аттап, үлкен білім ордасының сахнасында өнер көрсеткен едік. Сол бір сәт маған үлкен мотивация беріп, білім алуға деген құлшынысымды одан әрі арттырды, — дейді №5 мектеп-интернатының шәкірті Нұрай Мұратбайқызы.

Достарының талантына тәнті болған жас көрермендер алғыс ретінде өз шығармашылықтарымен бөлісті. Бірлік пен ынтымақтастықтың туын тіккен екі мекеменің өрендері алдағы уақытта да бірлескен шараларды өткізуді жалғастыратын болады. Концерт соңында зияткерлік мектеп оқушылары дәрумендерге бай себеттерді үйлестірді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий