“Абай оқулары”: Жүзден астам ақмолалық оқушы республикалық шығармашылық байқаудың облыстық кезеңіне қатысты

Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 8-11 сынып оқушылары арасында ХХІІІ «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өтті. Ұйымдастырушы Ақмола облысы білім басқармасының дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамытуға, ақын поэзиясының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге ықпал етеді. Байқауға Ақмола облысының 17 ауданынан, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 107 оқушы қатысты.

Конкурс 6 номинация бойынша өткізілді. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»; «Абайдың қара сөздері»; «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары»; «Көңілім әнді ұғады»; «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»; «Ұлылар әлемі» Шығармашылық байқау барысында Астрахан, Бурабай, Зеренді, Аршалы аудандарынан, Степногорск қаласынан және тағы да басқа балалар жақсы нәтиже көрсетті. Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен, сыйлықтарымен және медальдарымен марапатталды.

Сонымен қатар Абай оқуларынан 1 орынға иеленген оқушылар Республикалық кезеңде Ақмола облысының намысын қорғайтын болады. Құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий