Бала бақыты бәрінен биік

Серәлі Лапин атындағы №261 орта мектебіндегі «Бақытты бала» тақырыбындағы мерекелік шара аясында каратэ, таэквандо, дзюдо, кикбоксинг, футбол, асық ату, шахмат, тоғызқұмалақ, бас асық секілді спорт үйірмелеріне қатысатын оқушылар өнерлерін ортаға салды, – деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Шараға облыстық білім басқармасының балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік қолдау бөлімінің бас маманы Гүлмира Ақжігіт және қалалық білім бөлімінің әдіскері Ерболат Елдеев қатысып, оқушыларды құттықтады. «Лапин шоу» театрының мүшелері «Мақта қыз» ертегісін сомдаса, «Жас биологтар» үйірмесінің мүшелері арнайы аллея мен мектептің жылыжайында егілген өсімдіктермен таныстырды.

Бұл білім ордасында қалдықтарды салатын жәшіктер орнатылған. Шәкірттер қайтадан пайдалануға болатын тұрмыстық заттардан түрлі бұйымдар жасап, табиғат тазалығын сақтауға үлестерін қосуда. Өнерлі жас жеткіншектер қазақтың қара домбырасымен ән айтып, күй төгілдірсе сурет үйірмесінің қыл қалам шеберлері қиялдарындағы армандарын қағазға бейнелеуден алдарына жан салған жоқ. Басқосудың соңында бастауыш сынып оқушылары түрлі батпырауық ұшырып, мерекелік концерттік бағдарлама арқыды жиналғандарға ерекше көңіл күй сыйлады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий