Жетісудағы жас мамандар форумы

Жетісу өңіріндегі білім беруді дамыту оқу – әдістемелік орталығының бастамасымен «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының Қапшағай қаласындағы филиалының базасында «Жас мамандардың кәсіби дамуы: білім берудегі жаңа тренд, жаңа қөзқарас» тақырыбында республикалық жас мамандар форумы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Басқосуға Еуразиялық халықты басқару орталығының білім беру бағдарламаларының жетекшісі, Қазақстандағы білім беру ұйымдарын трансформациялау бойынша сарапшы Алмагүл Канагатова, Еуразиялық адамдарды басқару орталығының білім беру бағдарламаларының жетекшісі Кайым Сұлтанбек, «Comunityplus мәдени-әлеуметтік және білім беруді дамыту қоры» қоғамдық қорының құрылтайшысы Эльмира Карманова арнайы шақырылған болатын.

Еліміздің әр өңірінен келген жас мұғалімдер аға буын өкілдермен бірге педагогикалық шеберханаға қатысып, әріптестерінің сәтті тәжірибелер панорамасының түрлі тақырыптағы мазмұнымен танысты. Жиналғандар қазіргі білім берудегі жаңа трендтер жайын талқылап, ойларын ортаға салды. Пайымды пікір білдірушілердің тоқтамына сүйенсек ұрпақтар сабақтастығын жаңа заман талаптарына сай толықтыру арқылы тағылымды тәжірибелер алмасумен қатар маңызды мәселелерді зерделеу үшін осы ашық алаңның ауқымын кеңейту қажет. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий