Күн қуатындағы мектеп

Жұмабек Тәшенов атындағы №23 IT лицейіне қуаттылығы елу киловатқа тең күн электр станциясы ортақ мүддеге сай уағдаласқан тараптардың бірлескен жобасы аясында орнатылды, – деп хабарлайды Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі.

Салтанатты шараға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш, «Eni» компаниясының Орталық Азия өңірі бойынша басшысы, «Аджип Каспиан Си Б.В.» компаниясының басқарушы директоры Лучано Васкес, «Arm Wind» ЖШС басқарушы директоры Алекс Стиллавато қатысты.

– 2025 жылға дейін өңірде екі жүз білім мекемесін салу жоспарланған. Ғимаратты салумен бірге оқу бөлмелерін заманауи технологиямен қамту қажет. Үш жақты келісімнің негізінде алғаш рет осы мектепке күнен қуат алатын қондырғы орнатылды. Енді электр қуатына жұмсайтын шығын біршама азаяды және оқушылар жаңартылатын энергияның қалай өндірілетінін көріп өседі, – деді Өмірзақ Естайұлы.

Мамандардың мәлімдеуінше жаңа құрылғымен бірге арнайы жылу реттеу клапандары, энергия үнемдейтін құралдар, су құбырына есептегіштер, жарықдиодты шамдар, термореттегіштер қойылған. – 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптық мақсатқа жету барлық елдер үшін аса маңызға ие. Осы орайда барлық серіктестермен жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз, – деді БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш.

– «Жасыл» экономиканы дамытуға бағытталған бұл бастаманың нәтижесінде мектеп көміртегі шығарындыларын азайтып, ауаны тазарту арқылы қоршаған ортаны жақсартуға қол жеткізеді, – деді «Eni»-дің Орталық Азия өңірі бойынша басшысы Лучано Васкес. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий