Баспасөзге жазылу: Әрбір жаңа саны ұстаз үстелінде тұрса

Еліміз бойынша тәуелсіздіктің отыз жылдығында жаңа Қазақстанды құру және әділетті қоғам орнату бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен нақты қадамдар қолға алынғанын бәріміз білеміз. Конституцияның мазмұнын тарихи шешімдерге сай өзгертуге бағытталған түрлі толықтырулар бүкіл халықтық референдум арқылы жалпы жұртшылықтың мақұлдауымен қабылданатын болады.

Президенттің ұсыныстары көпшіліктің қолдауына ие болды. Себебі заман бір орнында тұрмайтындықтан, уақыт үдерісінен туындаған жаңғыртулар қашан да қажет. Мемлекеттің баянды болашағын қаматамасыз ету мақсатындағы жақсылықтарға қуанамыз. Еліміздің ертеңі бүгінгі жастарымыздың қолында десек, өскелең ұрпақтың тағдыры қазіргі кезде педагогика саласында қызмет атқарып жүрген барша ұстаздар қауымының беретін білімі мен сіңіретін тәрбиесіне тікелей байланысты.

Ата-ананы әрине ұлттың ұясы ретінде биік бағалаған дұрыс. Ұл-қыздарымыздың әке-шешесінен кейінгі жауапкершілік жүгі келешегін қондыратын мұғалімдердің мойнында. Сондықтан еліміздегі педагогтерге айтарым республикалық деңгейде таралуы арқылы осы саланың барлық мамандарына кеңінен танылған «Білімді ел – Образованная страна» білімділік, қоғамдық-саяси газетін жаздырып алып, оқудың пайдасы зор.

Аягүл Төреқызы “Білімді ел – Образованная страна” газетінің Бас редакторы Ләззат Түркістановамен

Менің өзім осы апталық басылымның әрбір жаңа санын асыға күтіп, жарияланған ресми ақпараттардан бастап барлық мақалаларды мұқият оқып шығамын. Жалпы мазмұны көңілге қонымды. Себебі оқырман назарына ұсынылған материалдардан отандық білім мен ғылым саласындағы жаңалықтарды біліп, тілімгерлердің тәжірибесімен танысасың, танымал тұлғалардың отандық саладағы қолтаңбасын көріп, заман талабына сай білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан қыруар жұмыстарды терең бағамдауға болады.

Демек бұл газеттің әрбір жаңа саны пән мұғалімдерінің үстелінің үстінде тұруы тиіс және өткен жылдардағы барлық сандардың мұрағаттық тігіндісінен осы салаға байланысты іздеген тарихи дерек пен қажетті мәліметті тауып алуға болатын құнды дүниелердің таптырмас жиынтығы дер едім.   

Аягүл МИРАЗОВА,
Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар
Академиясының
АкадемигіҚазақстанның
тұңғыш Еңбек Ері
, «Алтын жұлдыз» және
«
Отан орденінің» иегері, ҚР Білім беру
ісінің
құрметті қызметкері, ардагер ұстаз

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий