Ұрпақ тәрбиесіне жүйелі көзқарас: заман талабы және болашақ

Мұқағали Мақатаев атындағы №140 гимназияда «Ұрпақ тәрбиесіне жүйелі көзқарас: заман талабы және болашақ» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Алматы қаласындағы білім басқармасының бастамасы негізінде Педагогикалық Ғылымдар Академиясы «Мектептерде саналы ұрпақ тәрбиелеуді ғылыми- практикалық тұрғыдан іске асыру жолдары» жобасын әзірледі, – деп хабарлайды шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі.

Жобаның жетекші идеясы – рухы мықты, ұлттық намысы жоғары, патриот, әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан, парасатты, адал ниетті ұрпақ тәрбиелеу жұмыстарын іске асырудың ғылыми негізін жасап, оны практикалық тұрғыда жүзеге асыру механизмдерін дайындап, іске асыру болды. Осы мақсатта «Қазіргі мектептерде саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру» тұжырымдамасы жасалып, мақұлданды.

Мектептерде нәтижелі жұмыс жүргізу мақсатында, тұжырымдама аясында, мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне, ата-аналар мен оқушыларға арналған 13 әдістемелік нұсқаулық дайындалып, барлық қазақ және аралас мектептерге берілді. Оларды кеңінен түсіндіру мақсатында видеодәрістер дайындалды. Арнайы эксперименттік мектептер белгіленіп, жүйелі жұмыстар жүргізіле бастады.

Жоба аясында өткізілген конференцияның пленарлық және секция отырыстарында отыздан аса баяндама жасалып, конференция резолюциясы талқыланды. Конференция жұмысына қатысқан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә.Нүсіпова, Алматы қаласы Мәслихатының депутаты Р.Бөлекбаева, ардақты ұстаз, Қазақстанның Еңбек Ері А.Миразова тақырып аясында ой-пікірлерін білдірді.

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Д.Біләлов, ҚазҰҚПУ ректоры Г.Қанай, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай хан атындағы ҚазӘТУ белгілі ғалымдары, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, білім беру саласы мекемелері мен ата-аналар қоғамдық бірлестіктерінің басшылары ұсыныстарын ортаға салды. Конференция жұмысына оң баға беріліп, осы жоба негізінде жұмыстарды жалғастыру мақсатына 14 баптан тұратын резолюция қабылданды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий