“Алматы БАЛАFEST” фестивалі: Бала – біздің болашағымыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Бұл – өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағын қамтамасыз ететін ерекше мүмкіндік. Балалардың бойындағы  сол дарындылықты  қолдау мақсатында  халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Алматы қаласында алғаш рет ауқымды шара – «Almaty BALAFEST» қалалық балалар фестивалі басталды.

Фестивальдің мақсаты – балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту және қолдау, оларды белсенді демалыс пен спортқа тарту; қалада мерекелік атмосфера құру. Қалалық жарыстар үш кезеңде өтеді: мектеп кезеңі – 5 мамырдан 14 мамырға дейін; аудандық кезең – 16 мамырдан 24 мамырға дейін; қалалық кезең – 26-28 мамыр аралығында болады.

Фестиваль аясында 7 қалалық байқау ұйымдастырылып, оған ерекше білім беруді қажет ететін балалар да қатысады. Фестивальдың  байқаулары келесі бағыттар бойынша төмендегі мектептерде өткізілді. «Жұлдызды сәт» (музыкалық шығармашылық және хореография) Мағжан Жұмабаев атындағы №137 ЖББМ-те; «Open Air Спорт»» (спорт және салауатты өмір салты) №43 және №87 жалпы білім беретін мектептерде; «Бояулар құпиясы» бейнелеу өнері байқауы  №148 мектеп-гимназияда.

Хакатон – IT Universe (IT, дрондар және робототехника) байқауы №109 жалпы білім беретін мектепте; «Өнерлі бала» (қолданбалы өнер) байқауы №101 мектеп-гимназияда; 6. «Кітап – білім бұлағы» әдебиеттік оқу сайысы №110 мектеп-гимназияда; 7. «Жасыл Алматы» экология және қоршаған ортаны қорғау байқауы №177 жалпы білім беретін мектептерде өтті. Аталған мектептердің барлығы ауқымды іс-шараға белсене атсалысып, жоғары ұйымдастырылды. Фестиваль аясындағы әр байқаудың бағыттары бойынша жеңімпаз атанған мектеп командалары мен оқушылар жас ерекшеліктеріне сай іріктеліп, қалалық кезеңге жолдама алды.

Байқауға ауданның 21 мектебінен әр байқау бойынша сұраныстар түсті. Жоба бойынша әр байқауды   аудандық білім бөлімінің басшысы С.А.Кусаинова алғысөзімен ашып, білімді де өнерлі оқушыларға сәттілік тіледі. Халқымыз үшін жас ұрпақ тәрбиесі қашан да елеулі тақырыптардың қатарында. Ұлттың бүгіні мен болашағы тәрбиелі әрі білімді ұрпаққа байланысты. Осы тұста «Almaty BALAFEST» қалалық балалар фестивалі – баланың қиялын ұштап, білімін шыңдап, ойын кеңітіп, бойын сергітер ең таңдаулы жоба.

Жаһандану дәуірінде сәт сайын даму үдерісіне ілескен бала тұлғасын әдебиет пен мәдениетке, ой мен дене еңбектерін шыңдауға баулу, кәсіп пен сапалы еңбекке дұрыс бағыт беру, алға жетелеу – біздің үлкен борышымыз.
Алматы қаласының Жетісу ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий