Оразкүл Асанғазықызы жетпіс жаста

Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде қоғам қайреткері, тіл жанашыры,  университеттің түлегі  Оразкүл Асанғазықызының  70 жылдық мерейтойына арналған «Өмірі  өнеге дара  тұлға» атты мерекелік  кеш болып өтті, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының коммуникация және маркетинг департаменті.

Қазақтың қайсар қызы» деп ат қойып, айдар таққан Оразкүл Асанғазыны көпшілік қауым ұлттың ұлылығын ұлықтап, мемлекеттік идеологияны негіздеудің соны үлгісін көрсетіп жүрген азаматша ретінде бағалайды. Саналы ғұмырын, өнегелі өмірінің парасатқа толы беттерін жас ұрпақты тәрбиелеуге, ұлттық дәстүрді сақтаудағы қазақ тілінің рөлін арттыруға, отбасының ұйытқысы – әйелдің қоғамдағы орнын анықтауға арнады.

Азат елдің айбынына айналған елордадағы көшелердің қазақи тамаша атаулармен аталуына оның қосқан үлесі орасан зор. Оразкүл Асанғазы Парламент қабырғасында да тіл, діл, дін, руханият салаларындағы көкейкесті мәселелерді көтеріп, олардың оңтайлы шешім табуына ықпал етті. Оның «Керегем саған айтамын» кітабында  мемлекеттік тіл саясаты, оның қолдану аясын кеңейту, жас ұрпақты тәрбиелеу мен ұлттық дәстүрді сақтаудағы тілдің рөлі, отбасының, әйелдің қоғамдағы орны кеңінен баяндалған.

Сонымен қатар О. Асанғазықызы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңына және «Әкімшілік құқық бұзулар туралы» Кодексіне  өзгертулер енгізу мәселесі туралы 53 мақаланың авторы. Оразкүл Асанғазықызының    ел  алдындағы беделі  мен  абыройын ол кісіні  құрметтеп,  құттықтап алыстан ат  терлетіп келген дүйім  жұрттан-ақ байқауға  болады.  Мерейтой  кешіне Қазақтық халық әртісі  Алтынбек Қоразбаев, Мемлекеттік тілді дамыту институтының бас директоры – Бижомарт Сейсенбекұлы, Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының ректоры Қапалбаев Өмірәлі Жалаири және  мерейтой  иесінің  туған жерінен жолдас-жоралары  мен  құрбы-құрдастары  жиналып құттықтау  сөздері  мен сый-  сияпаттарын жасады.

Алғашқы  құттықтау  сөзді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор  Гүлмира Әмірханқызы алып,  мерейтой иесін университет ұжымы және өз атынан құттықтады. Келесі  құттықтау сөзді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің төрағасы, Мемлекет және қоғам қайраткері, экономика  ғылымдарының  докторы, – Омархан Нартайұлы алып,  Оразкүл Асанғазықызының  талай  жылғы  еңбегіне  талдау  жасап,  университеттің осындай түлектері бар болғанын мақтан тұтуға болатынын атап өтті.

Атап өту керек, Оразкүл Асанғазықызы  1969 жылы  Алматы  қыздар пединститутының  физика-математика факультетінің  студенті  атанып, 1974 жылы үздік  дипломмен  тәмәмдаған. Кеш аясында, Дәулеткерей Құсайыновтың Оразкүл Асанғазықызы жайында жазылған  «Қазақ қызы» Хақиқи-қияли хикаят жанрындағы кітаптың тұсаукесер рәсімі де өтті. Осындай  өнегелі  өмірімен,  халқына  қалтықсыз қызмет еткен  Оразкүл Асанғазықызының  бүгінгі  мерейтойы  да  ерекше  аталып өтті.

Мерейтой  иесіне арналған  құттықтау  сөз бен  марапат,  ән күйден  бөлек,  тіл жанашыры өзімен  бірге  тіл комитетінен,  жастарға  психологиялық дәріс  беретін мамандарды  да  бірге  ала  келіп,  мерейтойын дәріс пен  тренинг алаңына айналдырды. Мерейтойға келген студенттерді Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызының «Қазақ тіліндегі ІТ жобалар»  атты қазақ тілінің сөздік қорын дамыту арналған таныстырылымы.

«Өзіңді бағалай білесің бе?» атты Салима Сатылғанқызының психологиялық тренингі, «Ата-ананың разылығы – жанның рахаты» атты Саламат Нәбиқызының медитативті терапевтік жаттығуы, Назым Әлидің «Бизнес заманның талабы» психологиялық тренингі ерекше әсер қалдырды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий